Оны жасайтын аты дап дардай қазақтың азаматтары

Бізде орташа айлық мынанша деп шыққанда бәрі ойбай ондай айлық жоқ. Кім алып жатыр деп айқайлап шығады. Бірақ істің екінші жағына қарамайды. Мысалы қазір Декретке миллионмен деп жазсаң саған мың түрлі ұсыныс шығады.

 

Ондай халтура жасамағандықтан білмейді екенмін. Бірақ естуімше ИП анау мынау ашып соңғы айларға айлықты көп қылып жіберіп, үйтіп бүйтіп декретке шыққанда көп ақша алатын секілді. Оны жасайтын аты дап дардай қазақтың азаматтары.

 

Айтсаң мемлекеттің ақшасын қызғанасың ба, қазағым алсын деп шығады. Тегін жасамайды әрине. Курс сатады. Кітап сатады. Өздерінің тиынын жасайды әйтеуір. Мемлекетті минусқа тығады. Қалтасы ақшаға толады. Орташа айлықты көтереді. Жұмыс істеп жүрген әйелдердің көңіл күйлерін бұзады. Себебі үйде отырған әйелдерді, жұмыс істейтін әйелден көп ақшаға декретке шығарады.

 

Анам зейнетке шығарда осындай нәрсе жасаңдар дегендер болды. Мама айтқан еді керек емес қойшы дедім. Бұйырғанын аларсыз деп. Әйтпесе дайын ИП да, ТОО да бар еді. Ақша саласың, зейнетке шығады. Зейнетақысындағы қорды мемлекет кері аударады.

 

Сол кезде солай еді. Құда риза, құдағи да риза. Бірақ жасамадық. Жасағандар да болды. Қазір көбірек зейнетақы алады.

 

Анам 40 жыл мектепте мұғалім болса да олардан аз алады. Бірақ бұндай нәрселер орташа айлықты көтереді. Ана курс сататын қулар осыны білсе де білмегенсиді. Мемлекетке зияны тиеді. Адамдар арасында әділеттілікті бұзады. Бірақ қалталарын толтырады осылай.

 

 

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста