Өмірдің мәні - күйеуге тиіп, бала табу емес, қандай қиын сәттерде де адам болып қалу

Адам ешкімге үйленбей жалғыз өтсе, өзін бақытсыз сезінеді. Адам біреуге үйленсе, артынша айырылысуға асығады. Байқасаңыз, ол үйленген соң да өзін бақытсыз сезінеді. Сосын айырылысады. Айырылысқан соң да бақытсыз.

Адам қандай жағдайда да бақытсыз болудың жолын табады. Шын мәнінде 3 жағдайда да бақытты болуды немесе бақытты болмауды тек қана өзің шешесің.

Кез-келген қасірет - құрметке лайық. Өйткені ол - сенің рухани ұстазың. Қасіретте сенің нағыз бет-бейнең ашылады. Бірінші өзің үшін. Сен өзіңнің бағаң қанша тұратынын танисың.

Үнемі өз қасіретіңе біреуді кінәласаң, онда сен деградация жолындасың. Айналаңдағы кез-келген құбыжық адам - тек өзіңнің айнадағы бейнең. Ол – сенсің.

Сондықтан айналаңдағы құбыжықтарды түзетіп, әуре болма. Сен Құдай емессің оларды түзететін. Өйткені Жаратушы - cен емессің . 18 мың ғаламның патшасы саған бір ғана құзірет берген. Өзіңді ғана түзете аласың.

-Менің күйеуім - құбыжық. Ол – монстр. Мен онымен тек өзімді бақытсыз сезінемін. Ол мені құрдымға өзімен бірге әкетіп барады. Тез арада ажырасып, құтылуым керек,-дейді 100 әйелдің 99-ы.

Ол өзін дамыта алмаған әйелдің пайымы.
Осыны айтып тұрған күйеу құбыжық емес. Әйел – құбыжық. Өйткені өмірдің мәні күйеуге тиіп, бала табу емес. Өмірдің мәні адам болып келіп, адам болып кету.

Сондықтан Құдайдың сенің жолыңда кездестірген, қосқан, дәмдес еткен барлық адамдарын сол қалпында қабылдауға міндеттісің. Ол – жай ғана сынақ. Сені тану үшін жіберілген сынақ.

Егер Құдай күйеуді саған қасірет ретінде жіберсе, қабылда. Құрметте ол қасіретті. Өйткені ол қасірет – сенің ұлы рухани ұстазың.

Сен сол жан дерті арқылы бүкіл жанартау қасіреттің жүрек қаритын алапат отын кешіп өтесің. Ол сені алмас секілді балқытып, алмастан миллион есе бағалы, құны өтелмес құнды, ішіңдегі Құдай о баста сыйлаған гауһартас бейнеңді ғана суырып алып шығады.

Сені сатады, сен сатпа. Сені жылатады, сен жылатпа. Сені таптайды, сен таптама. Сені лақтырып кетеді, сен бірақ ешкімді лақтырма.

Осыны түсінген күні сен барлығынан азатсың! Таңертең тұрғанда айнаға қара. Ассалаумағалейкум, Құдіретті күштің ең сұлу жаратылысы. Бүгін сен көшеге күліп шығасың.

Бүгін сен, ең болмаса, ешкімге қиянат жасамайсың. Бүгін сен, ең болмаса, бір адамды кінәламайсың. Бүгін сен, ең болмаса, бір адамды бір ауыз жылы сөзіңмен жанын жадыратасың.

Өйткені өмірдің мәні - күйеуге тиіп, бала табу емес. Өмірдің мәні - қандай қиын сәттерде де адам болып қалу.

Tanagoz Tolkynkyzy
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста