Оларды жамандамастан бұрын, алдымен өзің имам болып көруің керек

Бір әйел мешітке көмек сұрап барған екен. Мешіттегілер оған ақшалай көмек бере алмай, бір апталық тамағын ғана тауып беріпті. Ақша бермегеннен кейін әлгі кісі ренжіп қалып, оны естіген басқа біреуі имамдарды жамандап пост жазған. Мешітке пітір-садақадан көп ақша түсіп жатқан секілді болып көрінеді. Айналайындар, басқа емес, алдымен өзімізге есеп беріп көрейікші. Қашан сен соңғы рет мешітке барып, садақа тастадың? Осы постты оқығандардың жүзден біреуі ғана ақша тастаған шығар. Оның өзінде 500, 1000, 2000 теңге емес, (ауыр салмақтан арылғандай болып) қалтаның түбінде жүрген артық тиындарды тастап кетіп жатамыз. Өзім соңғы рет мешіттегі садақа жәшігіне қашан ақша салғаным есімде жоқ. Былтыр бір салғанымды білемін. Мен көбіне қиналған адамдарға беремін садақаны. Мешітке жұма намазын оқу үшін барамын да, кері қайтамын. Кей кезде алдында қайыр тілеп отырған кісілерге қолдағы бар тиын-тебенімді тастап кетемін. Имамдардың ешқайсысы мемлекеттен көмек алмайды. Өздерін өздері асырап отыр. Қаладағылары 40 мың теңгедей алады екен. Ауылдық, аудандық жерлердегі имамдардың жағдайы тіпті қиын. Олардың өзі көмекке зәру. Біздің ауылда өлім-жітімге имамды көбіне көрші ауылдан шақыртады. Оның өзінде такси ұстап, әрең жетеді ол кісі. Қазақстанда қазір 2600- дей мешіт (қазір одан көп қой деймін) бар екен. Өткен жылдары имамдарға көмек беріп, қаржы жағынан қарасып отыратын «Уақыб» деген қор құрылыпты. Қазір ол қор Қазақстандағы 500-дей имамға айына 30-40 мың теңгеден ұстатып отырады. Оны да тұрақты түрде емес, ақшаның басы құралған кезде ғана беретін көрінеді. Басқа уақытта имамдар халықтың қолына қарап отырады. Оларды сөкпестен бұрын, жамандамастан бұрын, алдымен өзің имам болып көруің керек. Шәриғаттың жолы қандай қиын екенін сонда ұғасың. Халықты да түсінуге болады. Қиналған кезде көбі мешітке барып алақан жаяды. Мешіттің бәріне бірдей қарайласатын қауқары жоқ. Олардан көмек дәметіп келетін жалғыз сіз емес, сіз сияқты тағы жүз адам келуі мүмкін. Қайта ол кісіні құр қол қайтармай, бір апта ішіп-жейтін тамағын беріп жіберіпті. Соған да шүкір деуі керек еді. Негізі, қиналған елдің мешітке келіп қана көмек сұрайтыны – қоғамда осындай имандылық, жанашырлық дегеннің азайып кеткенінен де болып жатыр!..

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста