Ол баланың ойынша ҰБТ тапсыру деген ешқандай да сынақ емес екен

ҰБТ тапсырып шыққан бір бала айтып жатыр: "Екі смартфон алып кіргенмін. Пайдасы тиді. Апайлар мен ағайлар жіберген сұрақтың жауаптарын түгел толтырдым. 100-ден астам балл алатын шығармын" - дейді. Мұны кімге айтып тұр дейсіз ғой. Телеарна тілшісіне берген синхроны арқылы дүйім жұртқа жариялап тұр. Ол баланың ойынша ҰБТ тапсыру деген ешқандай да сынақ емес екен. Ол біреулердің көмегі арқылы көшіріп алған ұпайымен мемлекеттік білім грантына қол жеткізу ғана. Мұндай ұрлықи тәсілдермен оқу түсуден жас түлектер де, оларға қызмет көрсетіп жауап жіберіп отырған ұстаздары қысылып-қымтырылуды, ұялып-қызаруды қойыпты. Жалпы, біздің қоғам ар-ұят деген дүниені әлдеқашан ысырып тастап, қандай келеңсіздікке болсын, көз жұма қарайтын болыпты. Ал, ЖОО-на осылай түскен бала ертеңгі күні қалай оқитыны белгілі. Диплом алып шығатыны айдан анық. Оның өзінде жай емес, қызыл диплом алады. Бірақ, білім алмайды. "Есектің құлағына су құйсаң да, басын шайқайды, алтын құйсаң да басын шайқайды" дегеннің кері. ҰБТ - балалардың білімін өстіп сынақтан өткізіп, еліміздің маңдай алды делінген университеттері білім грантын иеленген осындай жастарды қабылдап жатыр. Ішінара тәуірлері де бар шығар, дегенмен ҰБТ сұрақтарының өзі терең білімділікті айшықтайтын талапқа сай сынақ емес. Оның ішінде оқушының танымы мен біліміне өлшем боларлықтай логикалық сұрақтың өзі некен саяқ. Бәрі дерлік жаттауға арналған құрғақ деректер мен маңызы төмен бірдемелер. Жаратылс ғылымдар үшін қолайлы шығар, бірақ, гуманитарлық пәндерге біздің ҰБТ толықтай өлшем бола алмай-ақ қойды. Сондықтан да шығар, жұрт ҰБТ-ны сөзжұмбақ немесе лотерея билетіне көбірек ұқсатады. Онысы, кездейсоқтық емес.

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста