Өй, мынаның шешесі жүргіш болған кезінде деген атақ басқалардан да сорақы

Өй, мынаның шешесі жүргіш болған кезінде деген атақ басқалардан да сорақы

Қазір жап-жас қыздарымыздың бай, ақшасы көп "папиктардың" ашынасы болып жүргені ешкімге жасырын емес. Дендеп кеткені соншалықты, құдды бір челлендж тәрізді.
Басында үлкен кісі мен жас қыз көрсек ішегімізді ішке тартып таң қалушы ек, қазір үйрендік. Тіпті "жылы қабылдап кеткеніміз соншалықты ақыры бай екен бала туып алмайсың ба деп ақыл айтамыз (мен айтпасамда табылады).  Ата-анасы жетер жеріне жеткізіп айтпағасын даладағы бізге не жорық дейміз. Ақылыңды басыңа шәйнап жақ деген әңгіме ғой.
Не үшін папиктің "қолтығында" жүргенің сұрасаң ең бірінші еститін жауап " ақша жоқ, жағдайымды жасап алайыншы немесе жоқшылықты көп көрдім". Жап-жас қыз ғұмырды ең арзан, ең төмен "төсек" мәселесімен бағалаймыз. Махаббат емес, ақшаға.

Құдай ай дейсің, ақша деген қолдың кірі. Бүгін бар, ертең жоқ. Өмірге ешкім бай болып келмейді. Бұдан да жоқшылық заманда аналарымыз, қыздарымыз өмір сүрген. Ұн, секерің қат заманда қыздарымыз отбасылық өмірге бейімделіп жоқтан бар жасаған. Олар арын, намысын ақшадан жоғары қойған.

Қазір жұмыс жасаймын ақша табамын деген адамға дамитын заман, ақша табатын заман. Есектің артын жумай-ақ, подьездердің еденін жусаңда ақша табатын заман. Тіпті көше сыпыр. Жоқ... Біз бұған арланамыз. Сонда біреудің отбасына килігуге арланбаймыз. Сол "папиктың" баласының көз жасына қалудан қорықпаймыз. Біреуге жасағаның өзіңе қайтып келетінін біле тұра "ой оған дейін қайда" дейміз. Бірақ айналып қайтып келгенде ғана Алла саған не жаздым деп Алла тағаланы есімізге аламыз. Ащы болса да шындық.

Айналайын ақшалы азаматтың қалтасына үңілуші қыздар. Бір уақыт өздеріңе қараңдар. Өздеріңнің намыстарыңды ақшаның жолына төсемеңдер.. Ата-аналарың сендерді "кім тары шашса, соның тауығы" болсын деп өсірмеген шығар. Өздеріңді, ата-аналарыңды ойламасаңдарда, өзіңнен туатын баланың болшағын ойлаңдар. Өй, мынаның шешесі жүргіш болған кезінде деген атақ басқалардан да сорақы. Ол атақ артыңнан өле өлгенше қалмайды. Ешкімге "цып-цып" болмай, өз қотырыңды өзің қасығаның жақсы.

Көпті көрген "кемпір" болмасам да көріп жүрген осындай жағдайлар көп-ақ.

Жазира Аскар
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста