Сұлулық құрбандықты талап етеді- деген мақал бар ғой. Тұрмысқа шыққан қайынсіңлімнің киімін апару бақыты маған бұйырған соң, өзімше әдемі болып барайын деген түрім.
Отағасының қалтасын қағып шпаклёвка жасатқанымды қайтейін далада 45градус ыстық. Ағып кетпесінші, ағып кетпесінші деп, бетімді көлегейлеп әрең жеттім үйге.
Алдымнан мамалап жүгіріп шыққан титтей мойныма асылды. Әдеттегідей бетімді сүйді, жалады. Шашымды ұстады, басымды ұстады, соңында бұзаудың кірпігі сияқты кірпігімнің біреуін жұлып алды. Салонға барып қайта жасатуға тура келді. Жасаттық. Отырмын енді жыпылық-жыпылық етіп жасаурап.
Не өмір мынау? Не рахаттанып көзіңді жұма алмайсың , не уқалай алмайсың.
Кірпік жабыстырмайтын қыздар неткен бақытты ә. Жабыстырып алатындарға жаным ашиды. Бәрін жұлып-жұлып тастасам ба екен. Сынбайтын құдалар сынбай-ақ қойсын)
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан