Бала күнімізден білетінім - біз жақта жиын-той бола қалса, еркектерін бір бөлек, әйелдерін бір бөлек отырғызады. Қолға су құйып жүріп, әңгіменің "құйрығын" іле кететінбіз. Еркектер не нағашы-жиен болып жеңіл әзілдесіп жатады. Немесе мал мен егіннің жайын сабырлы түрде айтып отырады. Ал қатындар жағы қашанда у да шу! Бір-екеуі сыпсың-сыпсың сыбырласып жатса, біреуі біреуіне таусылмайтын өкпе артып отырады. Ең болмады дегенде Тазшабайдың қызының артынан келген киітті сөз қылады. Әлі күнге дейін сондай. Қаз-қалпында.
Мына фейсбукті де сөйтіп қойса ғой! Әйтпесе, еркегін елемейтін, ақсақалға ауыз аштырмайтын, бір нәрсеге мың түрлі пәтуа шығаратын мына пәтуасыз шуылдақ қатындардан миым ашып кетті!))
Тоқтар Жақаш
Фейсбуктегі парақшасынан