Air Astana әуе компаниясы авиация саласындағы Оскар саналатын Skytrax сыйлығын жеңіп алыпты. Отандық монополисті ТМД және Орта Азиядағы үздік әуе қызметін көрсетуші компания деп таныған.
Ал, жақында антимонополия мен Көлік прокуратурасы олар билет бағасын негізсіз көтерген деп айыптап, сот 6,7 млрд теңге айыппұл салды.
Сонда Эйр-Астананы мықты деп таныған шетелдіктер жынды ма әлде халықты қанады деп қомақты айыппұл салған біздің құзырлы органдар ақымақ па? Түсініп көр ал? Мүмкін шетелдік сарапшылар қазақтың қалтасын қаққандарды осылай көтермелейтін шығар?
Диас Нұрақын
Фейсбуктегі парақшасынан