МІНЕЗДІ ЖУРНАЛИСТ

МІНЕЗДІ ЖУРНАЛИСТ

Астанадан Әлекем - Әлімжан Сабыржанұлы келді. Өткенде бильярдтан кеткен есесін қайтаруға келген шығар деп топшыладым. Қонақ қой. Оның үстіне ұлыстың ұлы күні! Тастаяқта талқан болмасақ та, өктемдік көрсетпей жеңілген болдық . Жоңғарды жеңгендей көңілі жайланған Әлекем сөмкесіне қол салып, мына бір кітапты ұсына бергені.
-Жазғандарын жақсы көруші ең ғой. Жұматай марқұмның кітабын өзіңе арнап алып келіп едім, -деп қарап тұр.
Ағамыздың жазғандарын "Ана тілінен " іздеп жүріп оқығанымыз рас. Дәл осы кітабы қолға тимей жүрген. Әй, Әлекем - ай! Мұндай сыйлық береріңді білгенде ойнамай- ақ берер едім ғой сол құрғырды . Енді міне, бас алмай оқып жатырмын. Бес күн Наурыз "Өкпелесең, өзің біл " болайын деп тұр. Алғашқы бетінен -ақ жоғалғанымды тапқандаймын.
"Мен өлең жазамын, бірақ ақын емеспін. Жазушы да емеспін. Әр нәрсе өзінің атымен аталсын. Мен шамасы жеткенше ширатып жазғанды жаны сүйетін, өмір құбылыстарына сын көзбен қарауға дағдыланған мінезді журналистпін. Осыдан артық та, кем де баға бойыма жұқпас, сірә. .." дейді Жұматай ағамыз. Екінің бірі ақын, жазушы деген атқа жабысып қалған қазіргі заманға дөп келгендей ме, қалай? Ал, мына сөзді айтуға дәті баратындар тіпті кем де кем шығар :"Мені жазушы немесе ақын атаған адамды сотқа берем! Жала жапқаны үшін. " Ал, Жұматай ағамыздың әр жазғаны ешбір жазушыдан кем емес. Солай бола тұра өзін "мінезді журналист" деп қана есептейді. Сол теңеуді барлық атақтан жоғары қояды. Бүгінде "мінезді журналист" қалды ма екен? Әлде, бола алмай жүрміз бе? Болдырмай жатыр ма? Бар гәп осында.

Арман Сқабылұлы

Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста