Мен адамдарды көп жоғалттым, себебі еркіндікті сұмдық сүйем

Өмірімдегі елеулі қуанышта сыйланған сақинам бар-тын. Өзіме қатты ұнайтын. Әрі алтын еді. Сол қолымдағы нәзік саусағымнан түспейтін. Өткен шақта сөз етіп отырғанымның себебі сол – үшті-күйлі жоғалып кетті. Қалған әшекейлерім тұр, түгел, тек сол жоқ. Айналамдағының бәрі сенетін адамдар, тіпті күдік келмейді. Қалай-қайтіп жоғалтқанымды да сезбей қалдым. Сол сәттен бері осы тақырыпта өз-өзіммен көп сөйлестім.
Мен заттарды жиі жоғалтып аламын. Осы уақытқа дейін тіпті есте қаларлық қымбат дүниелерді де жоғалтыппын. Әрі-бері іздеймін, көп қарамаймын. Табылса – табылды. Табылмаса, әуре-сарсаңға түспейді екенмін. "Жоғалу керек болған ғой" деймін де, қоямын. Мені мұндай қимастық пен өкініш араласқан көңілсіздіктен бір сөзім алып шығады, оны сенімім деген де дұрыс шығар, ол – "онан да жақсысына орын босап жатыр" дейтінім.
Мен заттарды ғана емес, адамдарды да көп жоғалттым. Ең қымбат деген адамдарды да жоғалттым. Иә, дәл сол сақинадан көз жазып қалғандай, кейбірін тіпті қалай-қайтіп жоғалтқанымды білмей де қалған екенмін. Мен еркіндікті сұмдық сүйемін. Адам сүйсе, ғажабына да, азабына да төзеді деген рас екен. Өзімдегі еркіндікті қалай сүйсем, өзгелердікін де солай құрметтедім. Сондықтан жоғалттым. Олар кеткісі келді, мен тоқтатпадым. Себебі еркіндігін құрметтедім. Оларды жібердім, ұстамадым. Есесіне еркіндікті өлтірмедім.
"Ал, қазір жаныңызда адам бар ма? Кім қалды?" дерсіз. Бар, бар адамдар. Менің жанымда қалуды, болуды өз еркімен қалағандар бар. Мен оларға Құдай берген ғұмырымды арнаймын. Бар-бар адамдар. Жазмыштың жазуымен бұ жалғаннан жоғалса да, жанымда мәңгі қалуды өз еркімен таңдағандар бар. Мен оларға да өмірімді арнаймын. "Қалай?" деріңіз бар ма, мені жақыны еткеніне ұялмаса екен деп тырмысам. Сәт сайын, сағат сайын, ғұмыр бойы.
Мен адамдарды көп жоғалттым, себебі еркіндікті сұмдық сүйем. Кетуді қалағандарды тұсап қалуға сондай қауһарсызбын, себебі еркіндікті сұмдық сүйем.
Менің жанымда қалуды қалағандарға өмірімді арнаймын, себебі еркіндікті сұмдық сүйем.
...Басыл, көңіл... «Онан да жақсысына орын босап жатыр»...

Айдана Шотбайқызы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста