...Мектеп бітіру деген бүгінгі таңда ата-ана үшін қып-қызыл ақша ғана емес, дерт...

 "Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ата-аналар мен мектеп бітірушілерге көп шығындалмауды" ұсыныпты. Жаңа ғана жаңалықтардан өзім оқыдым. Бірақ...Осы бірақтың төңірегінде көп нәрсе айтуға болады. Әншейін әңгіме болсын еп айтып отырғаным жоқ. Былтыр өзімнің кіші қызым мектеп бітірді. Жыл басынан бастап қанша ақша кеткенін сіз сұрамаңыз, мен айтпаймын. Ол ақшаның бәрі бір ғана мектеп бітіру кешіне жиналды деп айтқалы тұрғам жоқ. Жалпы мектеп бітіру дегеннің бүгінгі таңда ата-ана үшін қып-қызыл ақша ғана емес дерт болғанын айтқым кеп отыр. Бір жыл бойы баланы тестке дайындау үшін мықты деген мұғалімдерді жалдап болмаса арнайы орталықтарға беріп, қыруар ақшасын шашатын кім? Ата-ана! Әр тестті сатып алуға ақша шығындайтын кім? Әрине, ата-ана! Ол аз болғандай соңғы қоңырау дегеніңіз тағы қырғын ақша! Оған әр мектеп өзінше арнайы тапсырыспен киім тіктіріп киеді. (Мектеп формасын кие салса не болады, ал?!) Әріберіден соң екі сағат таққаннан кейін түкке жарамай қалатын лентасынан бастап, қолына ұстайтын гүліне дейін қып-қызыл ақша ғой! Оған қосымша әр пән иесіне беретін тарту-таралғысы тағы бар.Бұнымен біткен жоқ әлі. Негізі бар ғой. Мен бұл жерде мұғалімдерді кінәлайын деп отырғам жоқ. Ата-аналардың өзі кінәлі бәріне! Әбден дарақыланып алған. Мал айтып сойып, құран оқытамыз деген бірдемелері тағы бар. Онымен қоймай әр емтихан сайын тағы шабылады дастархан жасап. Шын айтам. Осы дүниенің ешқайсысына қатысқам жоқ. Бірақ ақшасын бердім. Ақша демекші...Ақша жинауға қатысты жексұрын болған жалғыз ата-ана мен шығармын((((( Айтпақшы, ұмытып барады екем.Мектеп бітіру кешінің алдында аттестат тапсыру рәсімі бар екен ғой! Оған лимузин мен әлгі бір атын ұмытып қалдым дәәу қара төртбұрыш машина, ииибиии геленваген еді ғой жалдап, извиняюсь за выражение, сідік шаптырым жерден (мектептің сыртқы қоршауынан есіктің алдына дейінгі жер бар болғаны!) балаларды бір-бірлеп тасытқан едік қой! Типа қызыл кілемнің үстімен жүргізетін жерге дейін! Әйтеуір өліп-тіріліп ҰБТ-ны тапсырдық қой. Одан кейін әлгі мектеп бітіру кеші дегеннің жыры..Оған ақша жинауды жарты жыл бұрын бастағамыз. Сол тұста ғой менің "жадный мама" боп жүргенім. Айттым ғой баяғы дарақылық деп. Жүз бәленбай мыңнан ақша жинайтын болдық. Екі миллионнның асабасын жалдаймыз деді. Музыканты, әнші-бишісі, асай-мүсейімен түгел. Мұны естіген мен, әрине, ыршып түстім емес пе?! Жынды ма? Ондай ақшаны оларға шашып есіміз ауып қап па демеймін бе? Ужысссс! Ну ничего. Менен басқа ешкім аса таңғалған жоқ! Қарсы да болмады. Вот так вот! Вроде бы все нормально. Басында адам басына шаққанда 17 мыңнан келетін бір ресторанға барамыз дегенбіз. Әңгіме содан шықты. Бір өте танымал әншінің әйеліне ( ол да ата-ана) ұнамай қалыпты ол жер. "Балаларымыздың үлкен өмірге аттағалы тұрған ең алғашқы қадамы, ең алғашқы жақсылығы ғой. Егер содан аяп тұрсаңыздар, мен білмеймін енді..."- деп тепсінді әлгі миниатюрный ханым, - Біз "Алмарасан" жақтан басқа бір жерді көріп келдік. В полне приличный жер. Сол жерге барамыз деп шештік. Кім ақшасын бере алмайды, позволять ете алмайды, пусть бармай-ақ қойсын онда. Біз үш-төрт бала үшін балаларымыздың праздинигін портить ете алмаймыз!" Вот так вот! Әңгіме осылай болды. Ал қалған ата-аналар оны қоштай жөнелді! Және баруға шамасы келіңкіремейтін ата-аналар да дәл сол жерде үндемей қалды. Ал мен шыдамадым. "Бүкіл баланың да, ата-ананың да қағанағы қарқ, сағанағы сарқ, кешті сән-салтанатты ғып өткіздік делік. Ал оған қатыса алмаған баланың қандай күйде болатынын ойлап, елестетіп көрдіңіз бе? (Сол уақытта жасөспірімдер арасында суицид дегеннің өршіп тұрған кезі еді) Егер ол, құдай бетін аулақ қылсын, бірдемеге ұшырап қалса, кім жауап береді?" деп айтып қалдым. Қайтем енді, сөйлеп қалған ауыз! Бірақ...Тағы да сол бірақ... Қысқасы ақыры қызым ренжіп тынды. "Мама, ақшасы жоқ, нашаааар тұратын адам сияқты не болды сонша?! Бәрінің ата-анасы ештеңе демей-ақ ақша жинап жатыр ғой!" Еееех... Мәселе менің ақшамда емес еді ғой...Сонымен не керек, өткіздік қой. Ата-аналар комитеті бірін-біріне қосып, жиналған ақшаны жеткізген сияқты ғой әңгіменің қысқасы. Айтайын дегенім - осындай дарақылыққа шектеу қою керек!!! Атымен көзін құрту керек! Министрге "қолжетімділер" сәлем айта салыңыздаршы...
Пы-сы; Ойбууу қыздардың әлгі кешке киген көйлектерінің бағасы туралы айтпаппын ғой. Оны айтсам, біреулеріңіз жылайсыздар))))

facebook.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста