Маған байыңды тегін бер...

Маған байыңды тегін бер...

Тегін бершиш

Бастағаныма бір ай болмады, тостаған тоғысы туралы тағдыр басталып кетті. Əрине екі қолды бос қойып жата алмадым. Əлименті кезінде күйіттемедік, шешеміздің жалғыз пенсиясына ауыз салуға ұялдық. Жұмысқа тұруға желке жібермеді, өйткені қыздың еңіреген, боздаған үніне құлақ түре алмай батыл қимыл жасауға күш те жетпеді. Үнемі мені тастап кетесің, мен сені үнемі сағынамын, сағынғанда суретті салам, хат жазам, енді ешқайда кетпеші. Үйден де шықпашы деген соң үйде отырғаныма табандай үш апта болыпты. Көп ойланып, жүз толғанып жүріп бір тоқтамға келдік те бастап кеттік. Бастамасқа амал бар ма? Біреу маған дайын креслоны бермейді, я тегін жұмысқа кіргізбейді.)) Тегін жұмысқа орналасу үшін табаныңды тоздыру керек. ))
Сондықтан тегін көмек, тегін жұмыс, тегін білім деген нəрсені ұмытқалы қай заман?))
Қайтадан НӨЛден бастау маңдайға жазған тағдырым шығар деп, қоғамның ішіне сумаңдап кіруді бастап кеттік.)) Зыбандап іздейтіннің 90% қыз қатұндар болған соң жастарский, не еркекский демей бірден қатұндарский бизнес деп атап кеттім. Əкесін де, байының да, інісі мен енесін де ойлап жүрген қазақтың бір бір қыздары. Ешкім өзіме керек еді деп сұраныс жасамады. Сұраныстың 85% отбасының мүшесін ойлаған жандар болып шықты. Иə менің күйеуіме, ммм иə менің інім бар еді, мммм иə менің енем бар еді, ммм иə менің достарым бар еді деп телефонымды толғап жатқан нəзік үнді өз қандастарым болып шықты. ))) Дəл солардың сұранысы бойынша заттарын жеткізіп саласың. Біреуіне үлгеремін, біреуіне үлгермеймін əзірге сөгіс естімедім. Тек кей #семізсарығатындар жүйкемді тоздырып жіберді.
Затыңды тегін бершиш деген ұран менің ашуымды қоздырып жіберді. Сол сияқты бір дүкенде сол ұранды айтқан адамның түріне қарадым. Жанында дəу сары байы бар, астында қымбат көлігі бар, ауыз басы толған алтыны бар, белден төмен жамбасында іркілдеген қара сек қойдың құйрығындай батпандаған майы бар #семізсарығатын ернін сылп етіп, :"маған затыңнан тегін бершиш, сауап болады ғой, өзіңе"-деп дүмше молдадай теріс уағызын айта бастағанда мен де бас салып: "маған байыңды тегін бер, не баламды берсем тегін бағасың ба?" деп төтесінен қойған сұрағымды ол əлбетте күтпеген еді. Өйткені клиентім емес, көлденең келген көк аттының бірі еді.
Сірə #семізсарығатынға жан беруден гөрі бай беру ең азаптың бірі секілді ме білмедім, өлген балықтың көзіндей болған шегір көзі əп сəтте қызылға боялып, көздің қарашықтары шытынап сынып кетердей маған қарай алара бір қарады да "осы жаңа ғана немене дедің?"-деп кері сұрақ қойды. Сарығатынның ащы дауысы сары байына əсер етті ол да жалт қарап, екеуімізді аңди бастады. Мə қызықтың көкесі енді бастағалы тұр деген сыңай танытқандай. Мен де саспастан: " Жамбасқа жабысқан сары майлар ауылдың арық ғатындарға тегін берсе қайтер еді деп жатқаным ғой. Сол сияқты тегіннің аты тегін. Мен негізі тегін бере аламын. Тек сіз маған тегін бай бере алсаңыз ғана?"дегенде #семізсарығатын дəл сол жерде бай үшін жан пида деп оқтала бергенде сары байы іші сезді ме, əлде қоғамның назарынан ұялды ма? Еу ғатын жүр қанə, сенің байың сенен басқа кімге керек еді, тіл қышымай тұрғанда кеттік бұл жерден қатқыл үнімен бəйбішесіне өктем үнмен қатса да маған қарап, бір көзді қысып, риза болған түрін танытты.
Иə дəл сол жерде Сатыбалды Кербабаев болғанда ғой іштей қиялдап мен қалдым. Ол пейіспарақшаға баяғының қатұндары қазір жоқ қой. Охх баяғының қатындары деген құдай ақы бір қолына оқтау бір қолы жамбасында қисайып тартқан гүлді орамалды қатты тартып, көшеге шығып, етегін түріп алып, пулемёттап ұрысқанда іштей ақырзаманның тезірек болуын тілеп жататын едік. Ал қазіргінің қатындары білмеймін не істеп қойғандарын. Ұрыстары да бес минутқа да жетпей екі жаққа айрылысып кетеді. Бəс тігейін десем бəсім жоқ, амал жоқ путболға тіктім деп отырушы ол жарықтық. Марқұм болып қалмаса қатындардың жұдырығына шақырар едім.
ПыСы: өзін ойламай өзгені ойлап, бірінші орынға қойған қазақтың қыздары аман болсын. Ай сендердің орыстың қатындарынан айырмашылығы осында ғой. Өздеріңді қашан ойлайсыңдар?)))

Anar Satay
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста