Көшеде өз жыныс мүшесін әйел затына көрсететін, содан рахат алатын еркектерге қандай жаза бар?

Көшеде өз жыныс мүшесін әйел затына (кішкентай қыз балаларға дейін) көрсететін, содан рахат алатын еркектерге қандай жаза бар?
Елестетіп көріңізші, сіздің қаршадай 7-10 жасар қызыңызға бөтен еркек анаусын көрсетіп, "ұста" деп бұйырса?
Статистика қалай сөйлейтінін білмеймін, бірақ әйелдердің 90 пайызы, меніңше, өмірінде бір рет болса да, еркектер тарапынан қиянат, мәжбүрлеу, қорқыту, тиісу (домогателтство) көрген. Жеке өз басыма келсем, студент кезден бастап осы уақытқа дейін ең кемі 40 шақты рет қиянат көрдім еркектер тарапынан. Оны ашық айта да, жаза да аламын. Оқытушы, ұстаз, әріптес, бөтен еркек, бастық, таксист, жұмыс беруші, поездағы не автобустағы жолаушы, жолсерік, мас адам, вахтер, студент... Жас кезде жылап, айтуға ұялып, ызаланып, ұмытуға тырысатынмын. Ал соңғы кездері еркектер тарапынан тиісушілікке тап болсам, тіке "анаусын" өкшемен тебетін немесе көзін шұқитын болдым. Көйлек пен туфлиді ұмыттым. Тек шалбар мен жайтабан киемін, көзге түспейтін түстерді таңдаймын. Шаш сәндеу, кірпік жалғау, жабысқан кию НИКАК НЕТ!
Тіпті өзімнің әйел екенімді ұмытып кеттім. Еркектер ұмыттырды... Еркектердің жаман пейілі ұмыттырды...
Айтайын дегенім, неге бізді - әйелдерді нәзік қалпында сақтауға тырыспайсыздар ағалар мен інілер? Неге бізді еркектендіріп, қатыгездендіріп жібердіңіздер?
Сіздің де анаңыз, әпкеңіз, қарындасыңыз, аяулы жарыңыз, қызыңыз бар ғой?
Неге мүшелерін жас қыздарға тықпыштап көрсете береді ауру хайуандар?
Бейшара сәбидің психологиясына зардабы тиеді ғой...
Қоғамдағы зорлыққа қарсы қалай күрессек болады?

Пысы: белгілі бір фактіден кейін туған ой. Одан бөлек студент кезде бір қыз болатын еркек қолынан ұстаса, шыңғырып жынданып кете жаздайтын. Бәріміз күліп қоя салатынбыз. Бірде вальс билейн деп жігіт шақырғанда, жігітті салып жіберіп, тұра қашқан. Кейін белгілі болғандай, 6 жасында көрші еркек зорлаған екен. Содан анасы ешкімге айтпай, психологиялық шок алған. Ол бертін келе үдеп, еркектерден қорқатын ауруға ұшыраған. Қанша үйренуге тырысқанымен, еш нәтиже шықпады. Себебі 26 жасында жігіттер алып қашып бара жатқанда машинаның есігінен қарғып кетіп, мойны үзіліп қайтыс болды...
Міне, психологиялық зардаптың нәтижесі... Еш күлкісі жоқ. Ал күлген адамның басына келсін, басқа не дейміз?.. 

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста