"Коррупция убивает" деген осы екен...

Жер сілкінгенде үйдің шыдас бермей, картоннан салынғандай бүктеліп құлап түскенін көрдік.
Зілзала салдарынан қирағанына емес, "бұл сейсмикалық тұрақсыз аймақта тұрғызылған ғимарат, шыдау керек еді ғой, неге шыдас бермеді?!" деп дал боласың.
Бұл жерде адам апаттың ғана емес, заңсыздықтың да (арзан құрылыс материалдарын қолдану, құрылыс нормаларын сақтамау т.б.) құрбаны болып отыр.
Эрдоған үкіметі 2018 жылы, сайлау алдында электораттың қолдауы көбейеді деген оймен, заңсыз салынған құрылыс нысандарына амнистия жариялаған еді, сонда бұл науқан аясында тоғыз миллионға жуық өтінім берілген.
Сол кезде елдегі азаматтық құрылыс инженерлері палатасының төрағасы Кемал Гөкче жер сілкінсе, қалаларымыз "тұтас зиратқа" айналмасына не кепіл деп еді. Айтқаны келді ме...
"Коррупция убивает" деген осы екен...
Фейсбуктегі парақшасынан





