Көп қазақ жігіттері ютубтан уағыз тыңдап, бокс көріп, олимпке ставка тігумен ақ өмірден өтіп кететін болды

Бүгін жұмыста қызды болған әріптесімізге бір жігіт "Қызыңыз алдындағы екі ағасының қорғаны, ата-анасының қамқоршысы болсын" деді.
Оған келесі бір әріптесіміз: "Тілегіңнің басы сексистік көзқараста екен. Неге қыз ағаларына қорған болу керек, керісінше ол қызға бәрі қарайласпай ма?" деп қойып қалды)) Тілек иесі: "Қазіргі еркектерге әйелдер қорған болу керек. Заман солай, оның үстіне Қазақстанда еркектерге мүмкіндік аз..." деген сарындағы әңгімесін бастады. Осы сыңайлас әңгімені талай таныс жігіттерден естіп жүрмін. "Еркектерді әйел шабыттандыруы керек, бізге қолдау, махаббат қажет. Әйелдің қолдауы болғанда ғана біздер тас шайнап, құм түкіреміз" дейді.
Сондай пікірдегі жігіттер осыдан кейін қалай қыздардың нәзік болуын сұрайсыздар?
Қазақстанда қыздар ес білгеннен құлағына: "бауырларыңа қарайлас, ата-анаңның қамқоршысы бол. Әйелдер төзімді болып келеді, қыздың қырық жаны бар, отбасының бақытты болуы әйелге байланысты, барған жерде сүйегің қалсын" дегенді құйып өсіреді.
Бейсаналы түрде отбасымен кіндігі байланған қыз бар тапқан-таянғанын үйіне тасиды, бауырларының алдында әке мен шешенің міндетін атқарып, арқаға ауыр жүкті алады. Елдің жағдайын жасаймын деп жүргенде жеке өмір бір жақта қалады... "Үздік қыздың" рөліне кіріп кететіні соншалық бәрі үшін өзін құрбанға айналдыра салады. Жолы болмайтын бауырын жұмысқа тұрғызады, әке-шешесінің несиесін жабады... Әйтеуір анасы қуанса, бауырлары оқыса болды дейді... Тағы келіп сол қыздар 25-тен асқанда ел-жұрт болып "неге байға тимей жүрсің, қыз жат жұрттық, сен қонақсың, біреудің етегінен ұстау керек, бала тумасаң болмайды, тойыңа қашан барамыз, күйеуің, балаң болмаса дипломың кімге керек" деп дым болмағандай ақыл айтып шығады.
Ол аздай сыртынан "карьеристка" деген ярлыкты ол қосып қоямыз.
Осылай отбасында бәрін өз бетінше шешіп үйренген қыз ес білгенде бос жігіттерге қарағысы келмейді немесе жолы болмай жүрген келесі біреудің баласына тұрмысқа шығып, сол отбасыны аяқтан тұрғызуға көшеді... Кейбір батыс көрген, күйеуінен ажырасқан қыздар осының бәрінен шаршағандықтан күйеуге тигілері келмейді немесе шетелдік азаматтарды таңдайды. Сол қыздардың пікірін тыңдасаң, мәселе жұмыс істеуден, келін болу міндетінен қашуда емес... Біздің көп жігіттердің ынжықтығы, жалқаулығы, көп нәрсені әйелдердің мойнына артып қоюында... Тіпті көпшілігі ажырасқан соң, өз балаларына алимент төлемей жүре береді... Салдарынан қыздар өздерін нәзік жанды ретінде сезіне алмайды, болмыстарынан амал жоқ ажырайды.
Қазақтілді жігіттердің комплекстері, принціптері мен менталды ойлары өз алдына бір бөлек тақырып
Қазіргі көп ауылдардағы қазақ отбасыларындағы өмір сүру моделі стандартты. Отбасында бар шаруаны әйел тындырады, жоқ дегенде мектепте мұғалім, емханада еден жуушы болып айлық алады. Деепресивный ауылдардағы еркектер жұмыссыздықтан ішеді. Әкесін өмір бойына шешесі сүйреп келе жатқанын көрген жігіт, мені де әйелім жетелеп жүру керек деп ойлайды. Өзінің жолы болмағанын махаббатқа, әйелдер тарапынан шабыттың аздығына, жоқ дегенде мемлекетке сүйеп қояды.
Айта берсем ой көп, мысал жетеді. Бір түсінгенім, біздің қазақтілді аудитория, оның ішінде қазақ жігіттері сауаттарын арттырып, ақпараттық ресурстарын кеңейтіп, еріншек болмаулары керек. Егер, осылай бәрін әйелдердің мойнына іле берсеңіздер, дені дұрыс, еркін ойлы қыздардың бәрі шетелдіктердің етегінен ұстап кетеді. Бір рет берілетін өмірді ешкім итшілеп сүргісі келмейді... Қазір түрлі ханымдар қазақ қыздарының сауатын арттырып, жан-жақты ағарту, білім берумен белсенді айналысып жатыр. Осындай курстарды, еркектерге арналған подкастарды YouTube-та, басқа да әлемжеліде дамытуды қолға алатын бір азамат бар ма екен?
Sanjar Kerimbay аға, тым құрыса қазақ жігіттеріне арналған екі-үш кітап шығаруды қолға алыңыздаршы. Әйтпесе, көп қазақ жігіттері ютубтан уағыз тыңдап, бокс көріп, олимпке ставка тігумен ақ өмірден өтіп кететін болды. 

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста