Көбісіне керегі кресло екені ауыздарынан шыққан сөздерінен-ақ аңғарылып тұрады..

Көбісіне керегі кресло екені ауыздарынан шыққан сөздерінен-ақ аңғарылып тұрады..

"Мектептерді жан басына қаржыландыру басталды ..

 

"Қой көрмеген қойды көрсе қуалап жүріп өлтіреді"

 

Енді сол қаражатты шашпай-төкпей, ұрлатпай-жырлатпай жұмсауға мектеп директорлары дайын ба?

 

Оған менің күмәнім бар...

 

БжҒМ мектеп басшыларын менеджментке үйрететін Республикалық бір орталық ашып, директорларға ақша жұмсауды үйретіп алмаса бірер айдан кейін "Пәлен директор пәлен ақша қымқырды", "Түген директор түген ақшаны мақсатсыз жұмсады" деген статистика жүргізетін боламыз...." деппіз, 2019 жылы...

 

Өкінішке қарай айтқаным айдай келді..

 

Шағын ғана қаланың білім бөлімінің есепшісі 2 млрд теңге ұрлауы соның айғағы..

 

Мектеп есепшілері де қалысып жатқан жоқ сыңайлы..

 

Меңгерушілер мен директорларды да шетінен періште деуге болмайды..

 

Есепшілердің басшылармен бөліспейтініне біздің халықты сендіру қиын..

 

Ал кейбір ұсталған есепші таза директорды сүйрей кеткісі келуі де мүмкін...

 

Білім беру мекемелерінің басшыларын менеджментке оқытқан тиімді ме?

 

Әлде..

 

Педагог оқу-тәрбиемен ғана айналысуы керек пе?

 

Ал жалақы, құрал-жабдық, ағымдағы және күрделі жөндеу секілді білім саласына жұмсалатын қаржыны экономист, қаржыгер, менеджер секілді өз мамандарының қолына ұстату керек пе?

 

Осы 2 жолдың тәуекелдерін анықтау керек..

 

Мен 2 жылға жуық директорлыққа үміткерлермен әңгімелесу комиссиясы құрамында болдым.

 

Ешкімнің көңіліне тию ойымда жоқ..

 

Сонда көзім жеткені қазір бала бақша меңгерушісі, мектеп директоры болуға ақылды адамдардың ұмтыла бермейтіндігі..

 

2 жыл ішінде комиссия меңгеруші, директор болуына келісім берген мамандардың санаулысына ғана көңілім толды..

 

Үміткерлердің көбісіне керегі бар болғаны "запперме деген атын айтсайшы" дегендей кресло екені ауыздарынан шыққан сөздерінен-ақ аңғарылып тұрады..

 

Тез арада педагогика мен менеджментті бөлмесе, білім саласы мүлдем құрдымға кеткелі тұр..

 

Мәжіліске өтіп кетсем, осы мәселені сол жерден айғайлаймын деп жүр едім..

 

"Аманат" бұйыртпады.

 

 

Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста