Оқымаған адам жағымсыз əрекет жасаса оқымаған ғой несіне ренжисің - деп қысқа қайырамыз. Ал оқыған көзі ашық, білімді адамның кереғар жағымсыз əрекетін көргенде не айтарыңды да білмей қалады екенсің. Меніңше мəселе сол оқыған оқымағандықта емес, о баста
анадан алған тəрбиесіне байланысты-ау деймін. Тəрбиені тал бойына сіңіріп өскен адам ешуақытта көргенсіздік жасамайды. Қарапайым ғана нəрсені мысал етіп айта кетейін.
Ауылда тұратын бір апам бар. Ол кісіні оқымаған сауатсыз деп айтып жататынын еститінмін. Бірақ сол апамыз əлге дейін өзінен үлкеннің бетіне тіке қарап сөйлеген емес. Тіпті өзінің атам заманда о дүниелік болып кеткен қайынаға, қайнатасының үйіне келгенде етек жақа отырады.
-Төрге шықсаңызшы дегендерді тəйт деп тиып тастайды. -- Қызықсың қайынағасының, қайынатасының үйінде келінінің төрге озғанын қай атаңнан көріп едің? Маған осы жерде болады деп етекке жайғаса кетеді. Бұрын соңды атасы отырған жерді аяғымен басқан да емес. Қайынатасы жастанған жастық, төсеген төсегін, ол киген киімдердің барлығын тап- таза қылып тақтайлап жиып қойған. Қарап тұрып разы боласың. Ал оқыған білімді деген өзім құралпы кейбір келіндерді байқап жүрмін. Атасының жолын кес-кестеп, тіпті атасының төсегінің үстіне отырып алып сотка шұқылап отырады. Сондай бір келінге қайынатаңды мың жерден ұнатпасаң да, ол отырған жерді баспа, төсегіне отырма, киімдерін ешқашан аяқ асты қылма дегенімде' өзімді артта қалып кеткенсің деп келемеждеп, 19шы ғасырдың ортасына апарып тығып қойды. Оның ойынша біз жаңа ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Қазір техника дамыған, техника жаңарған, адамдар да дамып жатыр екен. Біз жаңа қазақ ретінде ата мен келін арасындағы шекараны бұзып, заманауи көзқараста өмір сүруіміз керек екен. Іш пыстырарлық салт - дəстүр, ырым -тиымыңның бəрі далбаса дейді.
Жаңа заманға аташкалар мен енешкалар бағынып, жастарды өз еркіне қоя беруі керек екен.
Жастар не киемін не ішемін, қайда барамын десе де үйдегі қариялар берген шай тамағыңа рақмет айтып, бас шұлғып мақұлдай беруі керек екен. Оқымысты, білімді, сауатты деген құрбымның сөзінен түсінгенім осы болды.
ПЫСЫ; мың жерден оқыған, мың жерден сауатты,мың жерден заманауи тіпті орыстанып кеткен қазақ болсақ та қайынатаның аты қайыната екенін ұмытпайықшы.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан