Қазақстаннан Меккеге барған қажының бірі адасып кетсе керек. Тобынан ажырап қалған, тіл білмейді, ешкім бұны түсінбейді, жазудың бәрі арабша - ештеңе оқи алмайды. Содан көшеде тұрған бір полицияға барып, "Ихдинас сиратал мустақим" депті. Бұл "Бізді тура жолға сал!" деп аударылатын, бәріміз білетін Фатиха сүресінің 5-ші аяты.
Полиция бауырымыздың тапқырлығына қайран қалып, басын шайқап күліп, қонақ үйіне дейін апарып тастапты.
Айтолқын Есқали
Facebook-тегі парақшасынан