Итке де жібі түзу қазақша ат бұйырмады-ау
Бүгінде бәрі өзгерген. Құндылықтарды айтпай-ақ қойыңыз, ырым-жырымдардан да жұрдай болып барамыз.
Қасқыр тұқымдас болуынан да шығар, әйтеуір дала қазағы иттің ұлығанын жаман ырымға жорушы еді. Мұндай әдетін қоймаса қанша жерден «жеті қазынаның» бірі болса да ондай «сәбәкіні» атып тастайтын. Қазіргі қала жағдайында ұйыққан ит атаулы қосылып алып күндіз-түні ұлыса да қыңқ ете қоятын бір пенде көрмедім. Бұл неден екен? Мұны айтасыз, байырғы қазақ итіне бөрібасар, сырттан, алыпсоқ, мойнақ, ақтабан, ақтөс деп ауыз толтырып ат қоятын. Қазіргі қала иттерінің аттары да біртүрлі: тобик, теодор, аза, бабета, ирма, зилла, гордон, чарлик, злата. Бастарына іркіт төгіліп жатқан мына ақжарылқап заманда да жібі түзу қазақша ат бұйырмаған бақытсыздар-ай...
Берік Жүсіпов
Facebook-тегі парақшасынан