Ит басына іркіт төгіліп, сол жеті қазынаның бірі май жемейтін заман келе жатыр...

Ит басына іркіт төгіліп, сол жеті қазынаның бірі май жемейтін заман келе жатыр десем, «сол ит жемеген май өз аузыңа, бірақ қайдам...» дерсіз... Ол күмәніңіз да орынсыз емес. Коронавирус мынау, «әлемде «алтын млрд» қалдыру керек деген жоспардың бір бөлігі деген әлде қауесет, әлде шындық екені белгісіз, дүниедегі саяси-экономикалық дағдарыс, кезекті «қығи-қабақ соғыс», АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістан, ЕО, ұйықтап жатқан мұсылман әлемі, әлемдегі халық санының өсімі (2050 жылы саны 9,7 млрд болмақшы), «чиптендіру», «жасанды интеллект», егістік жерлердің кішіреюі, ішетін тұщы су қорының азаюы, мұнай қорының бітіуге таяуы, ауаның ластануы, экологиялық жағдайдың нашарлауы, жаһандық жылыну процесі, мұхит деңгейінің көтерілуі, аурулардың жаңа түрі, тамақ, ет-сүттің қымбаттауы, жалпы әлемдегі рухани күштің азаюы, адамзаттың азғындауы, одан қалды еліміздегі сорымызды қайнатқан жемқорлықтың жағдайы. Бұл жемқорлық күрескен сайын күшейе түсетін жеті басты айдаһар сияқты, кескен сайын орнына еселеп өсіп шығады. Досқа күлкі, дұшпанға табамыз. Масқара болғаны сол, онсыз біздегі жұмыс жүрмейді, яғни абсурдтық жағдай, пара бермесең бүкіл экономикалық қатынастар тоқтап қалады. Қалтасына тиын түспесе қағаздарға қол қойылмайды. Жә, бұны мектеп баласы да біледі, сондықтан болар, мектеп бітірмей жатып шет елге кеткісі келетіні. Соған қарап қараң қалғыр, бұ дүние қараң қалсын деп түңіліп кетесіз. Дегенмен, үмітсіз шайтан. Пенде болған соң ертеңгі атқан таңнан, жаңадан келген көктемнен үміт күтетін адам баласымыз. Бұл «тоғыз қатынның толғағы қатар келген» кризистің шешуі бар ма? Біздің «салиқалы саясатты» қоя тұрып, «өнер-білім бар жұрттар» не істеп жатыр , ертеңгі күніне қалай қамданып жатыр? Жасыл желекке оранған Жерімізді жетістіргендей ауасы жоқ, адам жарты минут тұра алмайтын өлі тас пен шөл құмнан тұратын Марсқа ел қондырам дейтін Маск дейтін ерді қалай қабылдаймыз? Онда барғандар мен олардың тұқымы қалатын болса Махамбет батыр сияқты «Бұ қонысқа қондырған ата-бабам оңбасын» деп қарғап жүре ме екен, әлде... Бірақ электрмен жүретін көліктері ғажап. Қытай электр көліктерін шығару және дамыту жағынан әлемде бірінші орында. Біз көрші отырып орыстың ескі бензин мәшинесін мінгенше қытайдың арзан электр көліктерін неге қолданбаймыз? Ол да түсініксіз. Қытайдың JAC деген компаниясы бізге әкеліп құрастырды электрмен жүретін мәшинесін. Бағасы 13-14 млн теңге. Ал Белоруста 5-6 млн теңгеге сатылады басқа түрлері. Соны ұйымдастыра алмаған үкіметті халқының жағдайын ойлап отыр деп кім айтады? Электр көліктерін бір қуаттап алсаңыз 200-300 шақырымға жетеді. Қымбаттары 500-700 км жүреді. Іші толған электроника. Қытайдыкі болса да орыстың бензинмен жүретін көліктерге қарағанд аз сынады, ауаны былғамайды. Май, бензин, фильтр дегенді ұмытасыз. Бір шақырымға шаққанда бензинге кететін ақшадан екі-үш есе арзан. Үйге кешке келіп тоққа жалғап қойыңыз. Әрине қалаларда, далаларда қуаттайтын инфрақұрлым керек.
Негізі адамзаттың барлық проблемасының көзі неде? Шектеулі табиғи ресурстар. Олар неге шектеулі? Оларды жер астынан алу, немесе Айдан әкелу қымбат. Немесе жылыжайларда неге бидай, күріш өсірмеске? Қымбат. Неге қымбат? Энергия, қуат көзі керек. Әзірше қуат көздері негізінен көмір мен мұнайға, атом станцияларына сүйеніп тұр. Бірақ тенденция күн, жел қуатын қолдануға қарай ауысып келеді. Негізгі бағыт және үлкен үміт термоядролық станциялар, сутегі атомдары қосылғанда гелий түзіліп, реакция нәтижесінде өте орасан таза жылу бөлінеді. Бұл Күндегі жүріп жатқан процесті жерде жасау. Сутегі бомбасы бар, бірақ оны басқарылатындай, одан қуат алатындай технология жоқ. ЕО, АҚШ, Қытай, Ресей бұл бағытта жұмыс жасап жатыр. Біз де ITER деген жобаның мүшесіміз. Межелеп отырған уақыттары 2025 жыл. Адамзат бұған қол жеткізсе бүкіл ғаламдағы энергетика проблемасы шешіледі. Электр көліктері еселеніп, ауа тазарып, жеміс-жидекті, арпа-бидайыңызды жылыжайда солтүстік полюсте де өсіруге болады және арзанға түседі, ауадан ішетін су жинау, мұхит, теңіз суларын тұщыту қондырғылары, яғни адамзаттың тамақ, су, транспорт, тұрғын үй ауыл, мал, су, балық шаруашылығы проблемалары шешіледі. Бос жатқан жерлерге орман өсіріп, атмосферада көмірқышықыл газының азаюы, жердің салқындауы, адамдардың тоқтығы және дұрыс тамақ ішуі аурудың азаюына әкеледі, әртүрлі технологияның дамуы бәрі соған бағытталған. Мысалы қызанақ өсірсеңіз оған керек жылу мен фотосинтезге жарық керек. Ол да қуат көзі. Жарықтың спектріне байланысты оның дәмін де реттейді бүгінгі ғылым. Мұның бәрі бүгін бар технологиялар. Бәрі қуат көзіне тіреліп тұр. Оның шешімі де алыс емес. Ол шешілген күні қолдан жасалған кризистер, жемқорлықтың түрлері де жайына қалады. Өйткені бәрі жетеді. Тек қазақ жастарына соны игеретін шынайы ғылым керек, қазақ деп соққан жүрек пен рух керек. Дінде де бір заманда молшылық болып, садақа бергенде алатын адам табылмайтыны айтылады. Ол күн алыс емес, сол күнге адамдығымызды, елдігімізді, егемендігімізді жоғалтып алмай жетуді Алла нәсіп етсін.

Sultan Ybyrai

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста