Фигураң ат болғанмен, миың есектікі екен деп ұрса жаздадым ғой

Баяғыда көше сыпырушы болып жұмыс істегенмін. Сонда істегеннен қалған бір әдетім бар, ол кезде темекі шегетінмін. Темекі тұтатқасын жанған шырпыны лақтырмаймын, қорапқа қайта салып қоямын. Көшеге шырпы да тастамаймын деген сөз. Көшеде біреу темекі тұтатып алайын деп шырпы сұраған, ұсынған бір қорап шырпымның бір талы ғана жанбаған болып шықты. Түкірмеуді үйрендім. Сол әдет жұмыстан шығып кеткеннен кейін де қалмады. Темекі тұқылын тастау үшін айдаладағы қоқыс жәшігіне барып келетінмін. Жұмыста жүргенде көшеде қазақтың бір әдемі қызы сусын ішіп тұр екен. Мына қыздың фигурасы ат екен деп тамсанып тұр едім. Қолындағы босаған сусынның ыдысын жерге тастай салғанда, фигураң ат болғанмен, миың есектікі екен деп ұрса жаздадым ғой. Сол ыдысты анасындай жұмыстағы апай барып жинады. Аялдамада шемішке шағып тұрған адамдарды көрем. Аялдама таза сияқты көрінгенмен, таңғы 5 те тұрып жинайтындардың арқасында ғана таза көрінеді. Қаланың 4-5 жерінде қаладан шығарылған қарды төгетін жер бар. Көктемде қары еріп қоқысы қалады. Сол көшеге лақтыра салған қоқыстар. Қар тазалағанда қармен араласып кетіп қалады. Қаланың іші де, сырты да ластанады деген сөз. Ең дұрысы көшеге қоқыс лақтырмау. Қазір сол жұмысыма қайта оралдым. Көшеге қоқыс тастағандарды видеоға түсіріп жариялап жіберуім мүмкін. Адамдардың ішкі мәдениеті тазармай, қала тазармайтын сияқты. Бір шақырым жолдан күніне бір камаз қоқыс шығатына таңқаламын ғой.

Дәулет Серікбай
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста