Еріншек xатунға бала сылтау, сүйте тұра үкіметті кінәлаймыз

Қазіргі дәрет сындырудың өзі ақшаға қарап қалған заманда он екі мүшесі сау бола тұра үйлерінде қол қусырып отыратын әйелдерге таң қаламын. Просто так қалай отыратындары мүлдем басыма симайды. А вдруг сізге срочно ақша керек болып қалды дейік. Тойға баратын болдыңыз, үстіңізге іліп алар бір жақсы көйлек қалмапты. Қазандай басыңды 90 градусқа иіп, мүсәпір киіп танытып, қабағынан қар жауып жүрген жігітіңе барып маған 10000тг (это минимально) берші, көйлек алайын деееееп сүмірейгеннен асқан жәмәән нәрсе жоқ мен үшін. Не көп қазір үйде отырып ақша табудың жолы көп. Тек сетевойды айтпағанда ізденіп, үйренемін деген адамдарға ютуб апам мен гугл татемде ақпарат деген толып тұр. Шұлық тоқығың келе ме, кесте төккің келе ме, торт пісіргің келе ме, тоқыма тоқығың келе ме, тырнақ бояғың келе ме, шаш қиғың келе ме бәрі бар. Тек жалқаулық басым, негатив көп. Өөөөй оны қалай сатамын? Оны кім алар дейсің? Ал, енді сетевойды айтсаң вәбщім шоршиды. Күйеуім ұрсады, қолым тимейді, дым уақытым жоқ, балдарым тынымсыз дым істетпейді дегендер иооо моееее (Думаннан үйрендім) нәйнаған сөздер. Еріншек xатунға бала сылтау" сүйте тұра үкіметті кінәлаймыз. Баланы әркім өзі туады. Осы дүниеге әкелген әр перзентіңнің қажеттілігін өтеу парызың, бұлжытпас міндетің! Балалық шағы естерінде қалатындай етіп өткізуіне жағдай жасау ата-аналық парызың! Сондықтан жылдамдықты 180 ге апарып, үйдің шаруасына да үлгеріп, байдың да бабын тауып, баланың да көңілін тауып, үйде отырып-ақ ақша табуға болады. өздеріңіздің киер көйлектеріңізді өздеріңіз маңдай терлеріңізбен тапқан ақшаға алғаннан асқан кәйф жоқ, #әтветчаю. Шын айтам!

Айдана Сисенова
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста