Биыл легионерлерді қатты сынап кеттік. 2012 жылы алтын алған 3 спортшыны төбемізге көтердік қой. Олимпиададан кейін Чиншанломыз Қытайға кетіп қалыпты дегенді естігенде, барлығы жарыса жазып, "батырымыздан" айырылып қалғандай болып, "өкініштен" өзегіміз өртенген жоқ па? Осы күндері легионерлерді ұнатпай тұрғандардың қарасы көп. Оған себеп Лондон жетістігін қайтала алмай жатқандығы болар. Ертең біреуі алтын алып жатса, өкпе-ренішті, кеткен қаржының барлығын ұмытып, бір рет ойналған әнұран, желбіреген көк туымыз үшін ұмытып кете береміз бе? Экспо үшін зейнетақыны да жұмсаған халықпыз ғой дегенмен. Не үшін жазып отыр дейсіңдер. 4 жылдың ішінде халықтың санасы өзгеріп-өзгермендігін білгім келді. Жалпы біз өзгердік пе өзі?
Бауыржан Карипов
Facebook-тегі парақшасынан