Егер бәріміз сетевойға кіріп кетсек, жұмысты кім істейді?

Баяғыда... мұғалім апайдан сыртқа шығып келейінші деп біреуіміз сұранамыз. Сосын тағы біреуі қипақтап сұранады... Анда-санда болмаса қайбір қажеттілік қысып жүр дейсің, өтіп болмайтын 45 минуттың 7-8 минутын азайту ғой әлде сабақ айтпаудың, тақтаға шықпаудың амалы. Содан үшінші әлде төртінші адамның қолы көтерілгенде апайымыз: "Бәрің бірдей туалетке кетсеңдер, сабақты кім оқиды?", - деп ұрысатын. Расымен де 17 миллион халқы бар Қазақстан сияқты 16-17 оқушымыз бір сыныпта. Сол сияқты елдің бәрі сетевик боп кеткен бе? Біреуі жылы сөзімен алдап, біреуі әдемі көзімен арбап өзіне тартып алғысы келеді, құдай-оу. Таныстығы мен туысқандығын бұлдайтындар да бар. Тегін ештеме жоқ, кемінде оған 15-20 мың теңге салуың керек, өнімін алуың керек, оны өткізуің керек. Өзің көтеріле бермей, адам ертуің (астыңа, артыңа деген мекен анықтауыштарды әдейі жазбай отырмын) керек. Ақыры команда құрасың... Бұрын косметика саудаласа, қазір көрпе-көпшік айналымда жүр екен. Ақша салмай, түсіміздегідей тезірек байып кетудің амалын үйретсе екен одан да. "Егер бәріміз сетевойға кіріп кетсек, жұмысты кім істейді, ә?",- деп сұрайтын ешкімнің табылмағаны ма? Ержан бауырым, пәтуасын өзің шығарып жіберші. Бізден кейінгілер айтпай қалды демесін)))

Еркін Карин
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста