Əдемі қалада, жайлы аулада тұрғымыз келеді. Бірақ істейтініміз - осы

Балкон не үшін керек? Əйтеуір пайда көріп қалу жағын ойлап жүреміз. Көпқабатты үйде балконның негізгі қызметі - жуған кірді кептіру, етті жаю, темекі шегу деп ойлайтынмын. Жоқ, біздің қазекең балкон мен бөлменің ортасын ашып тастап, бөлмеге қосып алады. Негізі ол құрылыс талаптарына сай келмейді. Бір қабырғаны құлата салу дегенді қайдан тауып алғанын. Жоғары қабатыңда қанша пəтер бар. Сейсмикалық қауіпсіздік деген ұғым ескерілмейді. Сосын балконы жоқ болғасын мынадай кір жайғыш істеп қояды. Оған ішкиімдерін де жарқыратып жайып қояды. Онысы үлкен көшеге қарап тұрады тағы. "Пысық" қазақтарға үйінің іші таза болса болды. Анадай жарқыраған киімдері көпқабатты үйдің, көшенің сəнін бұзып тұрғанын дым ойламайды ғой (ұят туралы үндемеймін). Иə, бастысы, үйдің ішінде комфорт бар. Жұрт, қоғам қызықтырмайды. Біз өзіңнен баста дегенді түсінбейміз. Əдемі қалада, жайлы аулада тұрғымыз келеді. Бірақ істейтініміз - осы.

Қоғамдық көліктің іші таза болғанын қалаймыз. Бірақ орындыққа сызып, сағыз жабыстырып, пердесін жұлып кетеміз.

Көшеде қоқыс жатпағанын тəуір көріп тұрамыз. Бірақ темекі шегіп, кəмпит жеп, су ішіп, кез келген затты игілігіміз үшін пайдаланып, қалдығын екі аттам жердегі қоқыс жəшігіне салмай, тұрған жерімізге тастап кете барамыз.

Əлгі балконы барларымыз оны əдемілеп ремонттап қоямыз. Жоғарыдан төменге маңғаздана қарап темекі шегеміз. Бірақ сол темекінің тұқылын фчык еткізіп төменге шерте саламыз. Балконның асты қалай жайрап жатқанына бас қатырмаймыз.

Көпшілік орында əжетхананың мұнтаздай болғанын қалаймыз. Бірақ өз артымызды тазалап кетпейміз.
Тазалық саласының адамдары соны тазаламағанда не істейді деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ олар да сіз сияқты адам. Жасаған еңбегіңізге құрметпен қарамаса, жыныңыз келеді. Сонда біз неге біреудің еңбегін сыйламаймыз? Неге айналамыздың əдемі боп тұрғанын қаламаймыз? Неге біз қала мəдениетін игеруге тырыспаймыз? Неге біз бəрін өзімізден бастамаймыз?

Жадыра Нармаханова
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста