Кеше... Бір досымның туған күнінде группаласы тілек айтып тұрып, былай деді. "Шыны керек, мектепте оқығанымыз, қазір университетте оқып жүргеніміз бәрі - бәрі байлыққа қол жеткізу үшін ғой. Рухани да бай болу керек шығар, бірақ ол екінші орында. Өмірге келген соң жақсылап өмір сүру керек. Бай бол!" деп тілек тіледі. Сонда бір жігіт орнынан тұрып: "Бауырым, сенің бір сөзің ұнамай қалды. Өмірдің мәні байлық емес. Мен сендерге бір мысал келтірейін. Менің атам дүниеге еш қызықпаған адам. Жасы 92 - де. Атам: " дүниеге қызықпаңдар! Соғыста жүргенде бір немістің қолынан алтын сағат көрдік. Сағатты жанымдағы жолдасым алам деп қоймады. Менің қой дегеніме көнбей, неміске жақындай бергенінде снайпермен атып тастады. Ал, мен дүниеге қызықпағанымның арқасында әлі тірімін. Шүкір, балаларым, немере - шөберелерім жанымда. Міне, нағыз байлық осы емес пе?" деп өсиет етіп отырады" деді. Ой салатын дүние!
Берікбол Төлеген
Facebook-тегі парақшасынан