Депутаттар сайланып алсын, сосын біреуіне тоқал болам!

5-6 жыл бұрын мемлекеттік қызметке конкурсқа қатыстым. Орындар ендігі толып қойған екен, тек көзбояушылық екенін конкурсқа барғанда білдім. Тізімде 25 адам, келгені - бесеу!
Қысқасы, өтпейтінімді білдім. Комиссияның қойған сұрақтары сондағы отырғандардың білім мен іскери деңгейін көрсетеді. Егер дәл сол жерге жұмысқа тұрсам, алдыңғы шепте жауға шабатынның бірі болатын едім. Бірақ, әттең... орындар бізге емес екен...
Хош, сонымен сұрақтарына әзілмен жауап беруге көштім. Бәрібір мені жұмысқа алмайды, несіне тыраштанам? Одан да естерінде осылай қалайын деп шештім.
Жауаптарыма күлумен болды бәрі. Менен сөз артылған ба?
Кетіп бара жатып "мен депутат боп кетуім әбден мүмкін, сұлумын ғой, сол кезде өкініп қаласыздар осындай сұлулықтан айырылып қалғандарыңызға" дедім. Тағы күлді бәрі. Іштерінен жынды екен, өзіне көп алады деп ойлаған шығар? Пішту!))
***
Өткенде жұмыс бабымен бір кеңсеге бардым. Сол кездегі комиссия мүшесімен кездесіп қалдым, мені бірден таныды. Сол конкурсты еске салды да: "Сенің тапқырлығыңа тәнті болған едік, тіпті сенің өтуіңді қолдадым, бірақ бәрі басшылармен шешіліп қойған еді, амал жоқ", - деді.
"Ой, еш оқасы жоқ, қайта маған клоунада ұнады! Біздің Қазақстан қызықстан екеніне тағы бір көз жеткізейін деп едім. Сол кезде жаққан помадам әдемі еді я?" - деп тағы ақымақ кейіп таныттым.
Ол сасып қалды.
"Депутаттыққа түсіп жатсың ба енді?"
"Қызықсыз, несіне тыраштанам? Депутаттар сайланып алсын, сосын біреуіне тоқал болам!" - дедім.
***
Бомбаны тастай салдым, қорыта алды ма, жоқ па?
Фейсбуктегі парақшасынан





