Бүгін әнші Жанар Хамитова бақилық болыпты. 30 жаста ғана. Осыдан біраз бұрын Жанардың "жүйкем рас тозды. Шаршадым. Депрессия рас бар" деген сұхбатын естіп "әй, осы қыз сынып кетеді-ау" деп ойлап ем. Иманды болсын.
Жалпы депрессия кезінде адамды тыңдай білген жөн. Оған одан басқа ештеме керегі жоқ. Тек тыңдай білетін адам қасында болса болғаны. Депрессия жанның, рухтың ауруы ғой. Мен мұны соңғы кездері қатты түсініп жүрмін және ондай адамдарды жазбай танитын болып алғам. Жаныңды ұғатын адам таппай өзіңмен өзің торығып дүние төңкеріліп кеткендей сәтте жалғыз қалудан қорқынышты дүние жоқ негізі. Депрессиядан аман шыққан адамның жанын рухтың емделіп шығуы дер едім.
Одан аман шықтың екен бар ғой ұшасың ғой өмірге құлшыныстың артып. Тек сол бір қиын сәттерде демеп жібергенде ғой дейсің. Депрессия шығармашылық адамдарына үйір десек те, "қазіргі тіршілікте күйзелмей жүрген кім бар" дейді білгіштер. Күйбең тірліктің депрессиясы ерунда ол. Негізі депрессияның тамыры тереңдеее. Ол мүлде басқа нәрсе.. Рухтың ауруы деген бөлек десең "қойш" білем дейтіндер көп. Ал білсек неге сол адамға көмектеспейміз, жылы сөз неге айтпаймыз?! Менің бір көршім бар. Тұрмыс қой, жетпейді шаршап жүр. Мен кешкісін жұмыстан келе жатқанда күтіп отырады. Үйде балалар тосып отырғанын білсем де, он-он бес минут әлгінің қасында кідіріп айтатынын тыңдаймын. Жаны ауырып тұрғанын көріп тұрып тыңдаймын. Ойым "осы кісі депрессияға түсіп кетпесе екен" деп тыңдаймын. Тыңдайтын адам болмаса бұл депрессия деген сұмдық құйын ғой. Жұлып әкетеді. Сондықтан бір-бірлеріңізді тыңдап үйреніңіздерші. Жәй ғана тыңдаңыздар. Жылы сөз арнаңыздар.
Карлыгаш Зарыкхановна
Фейсбуктегі парақшасынан