Демократияны қызтекелерден, еркек пен қатынның бұтынан бастауды доғарайық

Менің бір ағайыным бар. Ол бізге демократияның түкке қажеті жоқ деп біледі.
Оған "неге" десеңіз, "өй ол (демократия) қазақтың менталитетіне жат нәрсе, ұрпақ азғындап кетеді, " голубойлар", лгбт дегендер құтырып кетеді" деп пәлсапа соғады.
Ол демократия дегеніміз тек қана осы қызтекелердің құқы деп қабылдайды.
Оны бұл темада өлсең де басқа көзқарасқа көндіре алмайсың.
"ау демократия дегеніміз адам құқы, жариялық, әділ сайлау, әділ сот, сөз бостандығы, әділдік, ашықтық емес пе, ол керек емес па еді" деген әңгіме оның құлағына кірмейді.
"Ата бабаларымыз ұстанған дала демократиясы бар, бізге сол лайық" деп тағы бір қуады. Оның қандай болатынын өзі де нақты біле қоймайды.
Біздің біраз қазақ демократияны осылай қабылдайды.
Демократияны тек ЛГБТ ның құқы деп қарастырып одан бас тарту ақымақтық болар еді.
Біздің батысшыл демократтар ЛГБТ тақырыбына келгенде біздің томаға тұйық қазақ қоғамына осы қызтекелердің құқығын жалаулатып оны одан ары шошытады.
Менің түсінігімше демократия дегеніміз алдымен көпшіліктің талабы. Көпшілік ЛГБТ темасын қаламаса, оны біздің демократтар ескеруі керек.
Егер ертең біздің қоғамда референдум өткізіп "сіздер лгбт бостандығын қалайсыздар ма" десеңіз, ол референдумде біздің қоғамның 95 % "жоқ" деп дауыс беруші еді. Мен бұған сенімдімін.
Бұнымен батыс қоғамы да санасуы тиіс. Міне референдум, міне біздің жауабымыз дегендей.
Расында да бұл бізге жат нәрсе, оны қоғамымыз қабылдамайды.
Егер елімізде ЛГБТ өкілдері еркін сезіне алмаса, қазіргі әлем жаһандасқан әлем. Олар өздері қалаған өзіне ыңғайлы еліне барып тұрса болады, ол жақта оларды құшақ жая қарсы алады.
Бұл лгбт темасын бізге осылай жылы жауып қоя салуға болушы еді негізі..
Бірақ бізде ондай жоқ, әйтшулеп шауып "ондай демократияңның тап атасының ауызын" деп кіжініп шыға келеді.
Меніңше бізге тек қана демократияны қызтекелерден бастауды қою керек сияқты.
Демократия - инструмент, біз оны өзге дамыған қоғамдар тәрізді пайдалануды үйренуіміз керек.
Егер балғамен шеге қағып жатып саусағыңды ұрып алсаңыз, оған балға кінәлі емес, оған өзіңіз кінәлісіз.
Бұл жерде де солай, бәрін айт та бірін айт бізге ол инструментті күшті пайдалануды меңгеру керек, демократияны шебер пайдалана білсеңіз —
— Әділ билігіңізді сайлай аласыз,
— Қоғамда қордаланған мәселелеріңізді ашық айтып шеше аласыз (сөз бостандығы)
— Жемқорларыңызды тайраңдатып басыңызға шығармайсыз (жариялық),
— Еліңізде белгісіз жағдайда өліп кеткен, жоғалып кеткен азаматтарыңыздың құнын сұрай аласыз, олардың азапталуына, қысымға ұшырауына жол бермейсіз (адам құқы).
Демократия дегеніміз осы.
Ал лифтіде екі еркек сүйісті екен деп осындай супер инструменттен бас тартуға бола ма?
Меніңше, ол ақымақтық болар еді. Демократия қазаққа керек дүние.
Сондықтан ағайындар тышқан артын көріп жаралы бопты демекші, демократияны қызтекелерден, еркек пен қатынның бұтынан бастауды доғарайық.

Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста