Бұқар жырау Абылай ханға "Абылай Пәленшеевич" демей-ақ сөйлеген

СУБОРДИНАЦИЯ деген ҚАЗАҚҚА ТӘН болуы керек қой.

Бүгін бір дөкейдің көмекшісі қоңырау шалды.


- Аға, Сізбен басекең сөйлесемін дейді, қазір қосамын екеуіңізді, басекеңмен "Бытшытбек Тасталқанович" деп сөйлесесіз ғой...

Аты Бытшытбек Тасталқанович емес, менің жария етпейін деген амалым ғой. Ол Бытшытбекті білем, менен біршама жас кіші жігіт. "Әлөу" дегеніме "Асеке, аман-есенсіз бе?" - деп әңгімені өзі бастады. Жасы кіші адамға "вич, сич" демей-ақ "Оу, Бытшытбек, аманбыз, өзің қалайсың?" - деп, әрі қарай шүйіркелесіп кеттік. Ол "Асекесінен", мен "Бытшытбектен" жаңылғамыз жоқ, бір-бірімізді жаңа жылмен құттықтап қоштастық. Оның хабарласқан мақсаты да сол екен. Бес минуттан кейін әлгі көмекші тағы қоңырау шалды.

Аға, бастықтың атын атап сөйлескеніңіз не, Бытшытбек Тасталқанович дей салмадыңыз ба?! - дейді.

Ойбай, масқара, мен атын атағанға орнынан алып тастады ма, әлде бетіне күйе жағылып, сүйегіне таңба түсті ме?

Баяғыда Бұқар жырау, ол да заманының біз сияқты артисі ғой, Абылай ханға "Абылай Пәленшеевич" демей-ақ, әуелі "Ей, Абылай!" - деп сөйлеген.

Субординацияны мен де меңгергемін, жасы үлкен адам болса "аға, көке", қатарлас болса "Бәке, Сәке" дер едім, жасы кіші адамға қазіргі кезде "інім" десең көшенің "брәтішке" дегені сияқты естілмесін деймін. Атын атадым, өзі қыңқ демеді ғой. "Ұлық болсаң, кішік бол" Міне, қазақтың субординациясы осыдан басталуы керек.

Біздің Батыс Қазақстан жағында "Сіз" деген сөз араны алыстатып жібереді деп, жап-жас бала өзімсінген үлкенге "Сен" - деп сөйлейді. Оны талай баланың аузынан естісек те ақыл-есіміз орнында қалды. Талғымыз тарс айрылған жоқ.

Шашымыздың ағымен жасы кіші азаматқа жалпаңдай алмаймын. Өзге де бастықтардың жандайшаптары, естеріңізде болсын, бұдан кейін бастықтарың мені көрмей кетсе де, "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" - деген ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҒИДАСЫН ұстанайық.

Жасы үлкен ағадан орысша "вич" - дегенді естімегеніне қуансын. Ол біздің оны "өзіміздің жігіт" деп құрметтегеніміз.

Болдым.

Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста