Бұл не қылған двойной стандарт?

Бұл не қылған двойной стандарт?

Оралдың әуежайын орыстар сатып алды деп неге шулайсыңдар? Алматының әуежайын түріктер алғанда үндемеп едіңдер ғой деген жазбам біраз адамның шамына тиіп жатыр екен. Орысқа да түрікке де қытайға да қатысым жоқ. Қаным да жаным да түрім де терім де қазақ! Айтпағым, бізде комплекс қалыптасып қалыпты.

 

Мәселен, Леша мен Дима ауыз бекітіп,  ораза ұстаса бәрекелді дейсіңдер. Мырқымбай крещение кезінде суға түссе кәпір дейсіңдер.

 

Әбдіжаппар Әлқожа шетелдің әуеніне ән жаздырса плагиат дейсіңдер. Димашқа еліктеп бір шетелдік қазақша Дударайды айтса бәрекелді дейсіңдер.

 

Шетелдіктер біздің елге келіп нәпақа тапса, қазаққа жұмыс жоқ, келімсектер нанымызды жеп жатыр дейсіңдер. Ал, қазақ қызы АҚШ та дальнобойщик болып жүр екен деген жаңалыққа "супер", ой жарайсың деп қолпаштайсыңдар.

 

Бұл не қылған двойной стандарт? Өзіңді қор, өзгені зор немесе өзіңді зор, өзгені қор санауға болмайды. Әйтпесе, орысқа бүйрегім бұрып, қытайға жаным ашып тұрғаны шамалы. Абайша айтқанда, мен үшін адамзаттың бәрі бірдей.

 

#Тағы_да_талап_жеймін_десеңдер_мархабат!

 

 

Диас Нұрақын

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста