Бұл мұғалімдерді мектепке қондырудың амалы ма...

Бұл мұғалімдерді мектепке қондырудың амалы ма...

"ИЛЕУКРАТИЯ" МЕН "БЮРОКРАТИЯ"

 

Педагогтарды аттестациялау қағидасы 2016 жылдан бері 11 рет өзгеріске ұшырады. Педагогтарды аттестациялау №83 бұйрық негізінде реттеледі. Оны өзгертіп толықтырып №561 бұйрығын шығарды. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025208#z6) Былай қарасаңыз адамды шатастыру. «Түпнұсқаның» алғашқы авторы сол кезде министр болған А. Сәрінжіпов 2016 жылы 27 қаңтарда бекіткен. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013317#z3)

 

Енді тағы да өзгеріске ұшырап жатқан осы қағида жөнінде сөзді әріден қозғасақ. Бұл қағида бар, басқасы бар үнемі «шимайлап» отыру үшін бұлар «Педагог мәртебесі» заңына 2019 жылы бұл жолдарды «білім саласындағы өкілетті орган айқындайды» деген «сиқырлы» сөздермен әдемілеп өрнектеп мәжіліс пен сенатқа бекітіп президентке қол қойдырды. Бұл заңға «аттестацияны», «білім көтеруді» неге кіргізбеді? Кіргізбеген себебебі бұлар оны қайта-қайта «шимайлау» өнерінен айырылып қалатын болды. Қайта шимайлап мәжіліске апарса сөз еститіні айдан анық. Сондықтан олар заңға  «білім саласындағы өкілетті орган айқындайды» деп кіргізіп қойды. Шимайлау үшін ешкімнен рұқсат сұрамайды. Рахат. Білгендерін жасайды. Бюджеттің ақшасын үнемдеп, еңбекақыны азайту үшін түрлі жолға барып отыр. Бұл құжат та мұғалімдердің қағазбастылығын арттырып жұмысын тым күрделендіріп жіберді. Мұғалімдерден ештеңе сұрамайды, өздері білгенін жасап жатыр. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлерi үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi № 130 бұйрықпен бекітілді. Сонымен қатар сынып жетекшілігі туралы № 18 бұйрық былтыр желтоқсанда «күшін жоямыз» деп жоспарға қойылғанмен күші жойылған жоқ. Енді №561, №130, №18 бұйрық бір-біріне қарама қайшы! Білім сапасын қамтамасыз ету департаменттері осыны неге анықтамай отыр? Мектептерді тексеріп қарап жүр емес пе? Бізде білім сапа өте төмен. Неге? Мұғалімдер қағазбастылықтан әлі айырылған жоқ. Мектеп директорлары мен оқу зауыштарының орны неге босап жатыр? Өйткені осыншама қағазды қопарып жазып отыру миға сыймайтын дүние. «Мұғалімдер қағазбен бас көтермей отырсын» дейтін болуы керек. №414 бұйрықпен бекіген олимпиада да саны шектеулі.

 

Аттестацияның соңғы өзгерісіне «Lesson Study» ді әкеліп қосқан. Бұл қағазбастылықты ары қарай дамыта түспек. Мұғалімдерді мектепке қондырудың амалы ма? Ол шыға салысымен «осы тәсілді үйретемін» деген ақылы курстар қарша борады. Министрлік өкілі бұл қазірге тоқтай тұрады, 2024 жылы кіреді дейді. Қол қойылған, бекіген дүниені тоқтатын олар кімдер? Біржола алып тастап қайта тіркеуден өткізсін. Жалпы «Педагог қызметкерлерді аттестаттау» қағидасы көпшіліктің талқысына түсуі керек. Бюрократиялық кедергілер жойылуы керек! Қолдарынан келмей ме, орындарын босатқаны дұрыс! Білім сапасы төмен бе? Оқушылар білімді игере алмай жатыр ма? «Мұғалім кінәлі». Бір уақыт қандай құжатқа қол қойып, қандай бағдарлама шығарып жатқандарыңызды талдатып қарап қойған артық болмайды. Талдай алмайсыздар ма? Бізге беріңіздер шемішкеше шағып береміз. Біздің министрлікті шығарған құжаттарындағы қарама қайшылықты 2 ай ішінде дәлелдеп сотқа беріп кері қайтарып жүретін уақытымыз жоқ. Министрлік ішіндегі толған «сарапшылар» мен «заңгерлер» не бітіріп отыр? Бұлармен біз білімді Қазақстанды қалай құрамыз? Президенттің атына да хат дайындалып жатыр. Тыңдайтын құлақ бола ма, болмай ма көреміз. Уақыт төреші....

 

 

 

Meirzhan Temirbek

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

 

                                                                           

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста