Бұл әлем бұрыс адамдардың ықтиярымен дамиды

Нар тәуекел

Кей адамға таң қалам. Олар не істесе де, бәрін дұрыс істейді.
Дұрыс өмір сүреді. Дұрыс ойлайды. Өзгелер үшін де ненің дұрыс екенін біліп тұрады.
Күн сайын жаны сүймейтін жұмысына қалмай барады. Бұл жұмысты өлсе тастамайды. Себебі, олар үшін жұмысқа бару - ең дұрыс шешім.
Баяғыда-ақ қадірі кетіп, көңілді шерге толтырған қарым-қатынастан бас тартпайды. Себебі, жалғыз қалғаннан, осылай ілініп-салынып жүре берген дұрыс дейді.
Баланың немен шұғылданып, қай мамандықты таңдауын да өздері шешеді. Бала үшін әр шешімді ата-ананың таңдағаны дұрыс дейді.
Бұрыс өмір сүретіндерді сынап, мінегенді жақсы көреді.

Ал мен бұрыс адамдарды жақсы көрем.
45 жасқа кеп, жақсы көрмеген жұмысын тастап кететіндерді. Ел аралап, жер тануға шыққандарды. Бәрін таза парақтан бастау үшін өзін іздейтін саяхатқа аттанатындарды. Үлкен арманын ақ параққа сеніммен жазатындарды. "Біздің махаббат бұл үйді тастап кеткен" дегенді ашық мойындап, өзін де, сыңарын да жан түршіктіретін "жайлы ортадан" ап шығып, жай ғана бақытты болуға рұқсат ететіндерді. "Жұрт не дейді" деп күнде ұрып-соғатын күйеуінің ерсі қылықтарын жасырмайтындарды. "Мен құрбандық емеспін" деп, елдегі дағдарысқа қарамастан, тұрақсыз, бірақ еркін өмірді бастайтындарды. Дұрыс адамдар оларды түсінбейді.
Бұрыс адамдар қала салып, соғыста жеңіске жетеді. 20 рет банкрот боп, 21 ретте бүкіл адамзат баласын өзгертетін стартаптарды бастайды. Тек бұрыс адамдар қартайғанда актерлық курсқа барып, сахнаға шыға алады. Тек бұрыс адамдар әлемдік бестселлер жазып, соның есебінен бизнес бастап, әлемге танылып, байып кетеді.
Бұл әлем бұрыс адамдардың ықтиярымен дамиды.
Дұрыс адамдар өзгерістен қорқып, үнемі сынап-мінеу позициясында өмірін өткізеді.
Егер көптен бері жасасам ғой деген арманыңыз болса, қорықпай жасаңыз. Алдыңызды орап, сынап-мінейтін жан міндетті түрде табылады. Оларды дұрыс ата-анасы солай тәрбиелеген. Амал нешік? Олар өмір бақи армандаған ісін жасауға қорқып өтетіндер.
Таңдау сіздің еншіңізде: "дұрыстықпен" өмір сүру деген әдемі қоршалған биік мұнарада оқшаулану. "Бұрыс өмірді" таңдау - әлемді өзгерту.
Тәуекел түбі жел қайық, мінесің де өтесің.
Таңдау жасарда тәуекелге бел буып дағдыланыңыз. Өмір бір-ақ рет берілген сый. Оның дәмін келтіру, әрін келістіру өз қолыңызда. Өмірді дұрыс адамдардың үмітін ақтау үшін өткізбеңіз. Олар шын мәнінде сіз сияқты болғысы келеді, бірақ қатты қорқады.

Автор Ирина Штейнберг
Аударған Шынар Әбілда

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста