Болашақ жарыңды жақсы танып алу үшін әр қызға жігітімен саяхатқа шығуға кеңес берер едім. Адамның бар жақсы, жаман мінезі жолда көрінеді. Қысылтаяң кезде тез, ұтымды шешім қабылдай ала ма, әлде абдырап, сасып қала ма? Паникаға беріліп, өзіңді кінәлай жөнеле ме, әлде ер ретінде жауапкершілік жүгін өзіне ала ма? Мақсат тұтқан нысанды көруге артында келе жатқан сені күтіп барып бірге жете ме, әлде өзі бірінші болып көруге жүгіріп кете ме? Қолындағы ақшаны тиімді жарата біле ме? Сөмкеңді көтерісе ме және т.с.с. Тек алыс сапар ғана екеуді одан сайын жақындатып, не одан сайын алыстатады. Шындыққа тура қарағыңыз келсе, алға!
Болашақ жарыңды жақсы тану үшін бірге жолға шық!
Последние статьи автора