Біздің қоғамның бейнесі: өзгесі өлсе, өмірем қапсын, өз құным түгел болса болғаны

Автобустың жолына түсіп, қызылды-жасылды жарығын жағып алып жедел жәрдем көлігі келе жатыр еді, алдымдағы жеңіл автокөлік қол бұлғап тұрған жолаушыларды көре сала жалт бұрылып, жолдың жиегіне тоқтай қалмасы бар ма?..
Арындап асығыс келе жатқан жедел жәрдем көлігі ентелеп барып, әлгі көліктің артына артыла жаздап әрең тоқтады.
Жедел жетуі тиіс жәрдем көлігі сигналын бажылдатып тұрса да, ағам асығар емес, клиентімен саудаласып тұр.
Анау жақта жан таласқа түсіп жатса, мына жерде ағам "саудаласқа" салып тұр.
Міне, біздегі қоғамның шынайы бейнесі осы: өзгесі өлсе, өмірем қапсын, өз құным түгел болса болғаны дегендей.
"Халық қандай болса, басшы да сондай болады" деген қағида бар. Өзгені қойып, қарақан басын ғана ойлаған халыққа соған лайық үкімет кезігеді.
Сондықтан да, әуелі өзімізді түзегеніміз абзал-ау. Өзімізді ғана емес, өзгені де ойлағанымыз жөн болар.
Дінімізде "исәр" (الإيثار) деген ұғым бар. Жомарттықтың ең жоғарғы мәртебесін, көңілдің байлығын білдіретін "исәр" - өзі мұқтаж бола тұра өзгенің қамын ойлайтындарға қолданылатын бір ұғым.
Кезіндегі Меккеден Мәдинаға мүшриктерден тепкі көріп көшіп барған муһажирлерге ансарлықтардың екі үйі болса, соның бірін, малы болса, соның жартысын бөліп бергеніне разы болған Аллаһ Тағала: "...Тіпті өздері мұқтаж бола тұра оларды өздерінен артық көреді", - деп аят түсіріп, ғалымдар "исәр" сөзі мен ұғымын осы аяттан шығарған.
Міне, сөйткен сахабалар 30 жылдың ішінде жиһанның жартысына әмірін жүргізіп, Исламның туын тікті.
Алланың мақтанышына кенелген ансарлықтардың бұл жақсы әдеті қазақта да болған. Оны қазақ "ерулік" деген. Ерулік - ауылына жаңадан көшіп кеп жатқандарға ауыл тұрғындарының сый ғып тартатын мал-мүлік, сыбаға, қонағасы.
Міне, осындай жомарттықтан, өзінен бұрын өзгені ойлайтын жақсы бір қасиеттен айрылмай тұрғанда қазақтың көсегесі көгеріп, өрісі кеңейіп, өркені өсіп тұрған еді.
Демек, ел болудың жалғыз жолы - сол ата-баба ұстанған жолды қайта жаңғыртып,
"Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың", - деген Абайдың өсиетіне берік болуда жатыр.
Ендеше, кең бол, қазақ! Кең болсаң, кем болмайсың!

Салтан Сайранұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста