Мен осы фестивальден балаларымды алып кетуге бардым ғой. Өңшең өрімдей қазақ жастары сонда барған. Сол алаңнан ары-бері төрт-бес көшеде сеңдей соғылып кетіп бара жатқан. Сонда мынаның бәрін бүлдірген кім дейсіздер ғой?
Жастардың санасымен жұмыс істеу керек.
Қазіргі балалар, шыны керек қой, ештеңенің қадірін білмейді. Оларға еңбек, әсіресе біреудің еңбегі деген қадірсіз.
Қай жерден қателестік?
Бәрін билікке жаба бермей, өзімізден сұрап көрейікші. Біз неге жастарымызды сондай қылып өсірдік?
Назгүл Қожабек
Фейсбуктегі парақшасынан