Біз балаларды кәсіпкерлікке баулу жағынан артта қалған қоғамбыз

Мойындайық. Біз балаларды кәсіпкерлікке баулу жағынан артта қалған қоғамбыз. Балаға тәлім-тәрбие береміз, ол дұрыс. Көбінесе тәрбиеміздің басым бөлігі материалдық тұрғыдан емес, моральдық құндылықтарды бағалауға арналады. Адамгершілікке, досқа адал болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсету мен сәлем беруге үйрету деген сынды. Бұл расымен адам бойына қажет қасиеттер.
Бірақ неге екенін білмеймін, көбіне біз ақшаны сүю, кәсіпкер болу, байлық жию жайлы тәрбие бермейміз. Бұл бізге байды жаман көрсеткен кеңестік идеологияның сарқыншағы ма, әлде басымызда бар шекара ма, ол жағын түсіне алмадым. Бізге ақша мен байлық тек арам жол, кісі ақысын жеу, пара алу арқылы келетіндей көрінеді. Олай байып жатқандар да жетерлік, жоққа шығармаймын. Салық декларациясын тексерсе түгі жоқ, айлығы 120 мыңдық шенеунік 20 млнның көлігін мініп, 200 мыңның костюмін киіп, екі қабатты коттеджте тұрғанын көрген қоғамда ондай ойдың қалыптаспауы мүмкін емес. Оны жақсы түсінемін. Алайда адал жол, маңдай тер арқылы байып жатқан кәсіпкерлер де көп. Нағыз үлгі боларлық, балаларға айтарлық жандар. Міне, балаларды солар сияқты болуға, қаржы сауаттылығын білуге, жастайынан кәсіп игеруге, бай-қуатты үйреткеніміз жөн деп санаймын.
2017 жылы ауылдарды аралап, балаларға дәрістер оқып жүрдік. Сол сәтте мен Райан Росс деген балақай жайлы әр барған жерімде айтуға тырыстым. Үш жасында тауық асырап, кәсібін жұмыртқа сатудан бастаған ол өзінің алғашқы миллионын сегіз жасында тапқан еді. Ауылдың баласы. Бастапқы кезеңде 60 тауық болған. Сол 60 тауық тапқан жұмыртқаны сатып, күніне орташа есеппен 15-20 доллар қаржы тапқан. Уақыт өте келе, ол жұмыртқа сатуға қарағанда көп табыс әкелетін кәсіппен айналысуды жөн көреді. Кішкентай кәсіпкердің келесі бизнес идеясы көршілердің көгалын 25 долларға ретке келтіріп, тазалап беруге негізделеді. Көгал шапқышты кішкентай бала басқара алмағандықтан, өз ойын жүзеге асыру мақсатында Райан 20 долларға қызметкер жалдап, 5 долларын өзіне қалдырып отырған. Жергілікті банк оның іскерлігін қолдап, 4 жасында есепшот ашып береді. Түскен қаржыны ата-анасы күнделікті банкке салып отырған. Сөйтіп 4 жасында оның есепшотында 1500 доллар пайда болады. Жұмыртқа сату, көгал қырқу, кейін сусын сату сынды идеяларын іске асырып, 11 жасында жылжымайтын мүлікке ата-анасы арқылы инвестиция құя бастайды. Қазір АҚШ-тың әр жерінде бірнеше ғимараты бар, кәдімгідей мықты кәсіпкер. Ол жайлы талай шоуларда да айтылды.
Ауылдағы балаларға осы оқиғаны айтқанымда бәрі қызығып тыңдады. Бала деген арманшыл, пәк, ойы таза періште ғой. Оларға жақсылықты да, жамандықты да тез сіңіруге болады. Ақ бетке әдемі сурет салуға да, оны шимайлап, құртуға да болатын іспеттес. Бала өмірінің бағыттарын мына біз, ата-ана қалыптастырамыз. Сол бағыттың арасында кәсіп игеруге деген бір ынтамызды да қосып қойсақ дұрыс болады. Жалпы мектепте «Кәсіпкерлік негіздері» деген пән оқытылса да қарсы емеспін.
АУЫЛ партиясы осы жайлы айтты. Білім беру саласында осыны жүйелеу керектігін алға қойды. Қолдаймын. Қазақтың қара домалақтары Райан Росстан артық болмаса, кем емес қой. Қазірден бастап кәсіпкерліктің шет жағасын білсе, қызығушылық танытса, болашақта мүмкін негізгі табыс көзіне айналар. Келешекте таза табиғи өнімге деген қызығушылық еселеп артады. Қазірдің өзінде жоғары, таза сүтті, бал татитын қымызды, керемет майды қаладан таппайсың. Міне, сондықтан ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс аспандайды, бағасы да шарықтайды. Қазіргі бала кәсіпкер, сол сәтте дана кәсіпкерге айналады.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста