Біз әйелдер қызық халықпыз ғой...

Біз әйелдер қызық халықпыз ғой өзі: шкаф толып тұрса да, бір жерге барарда "киетін түгім жоқ" деп, жыласақ та, сықтасақ та жаңа киім сатып аламыз. "Әй, анау өткенде ғана алғаның ше" десе, "оны уже киіп қойдым, енді кию ұят" дейміз.
Сосын ерлеріміз іссапарға кетіп бара жатса, оған әрі кетсе бір 3-4 киім салып береміз, ал өзіміз шабаданды аузы-мұрнына шыққанша толтырып аламыз, өйткені не киетінімізді білмейміз ғой, оны сол кездегі көңіл-күйіміз шешеді...
Мәссаған, барған жерімізде біреу тура біздікіндей көйлек киіп алса бітті, со бойы ортаға да шықпай, көңіл-күй быт-шыт боп, әлгі әйелден қашып жүреміз)
Айтпақшы, сөмке ұстамасақ жүре алмаймыз ғой. Тіпті тойға барсақ та, кішкееентай сөмке ұстап, ішіне айна, помада, тойана салып қоямыз. Ал еркектерге рахат, құрқол жүре береді...
Сосын бір жерге барарда еркектер шашын жуса болды, әп-әдемі боп шыға келеді, ал біз міндетті түрде жаңа киім алып, макияж, прическа істетуіміз керек.
Тұрсынбек айтпақшы, еркектер шашын жуған шампуньмен тұтас денесін ысқылай салады, ал біз бетке, шашқа, денеге, әрқайсысын әр нәрсемен жумасақ, катастрофа!..
Осындай қиыыын халықпыз ғой. Так что, жігіттер придется потерпеть. Негізі біз құлақпен сүйеміз ғой, жиі-жиі жақсы сөз айтып, арасында сыйлық беріп қойсаңыздар болды, бәәрін өзіміз жүгіріп жүріп істей береміз)
Мерекемізбен, қыздар!

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста