Бір сылқымның лауазымды отағасын "подставить" еткенін естіп, әкемнің айтқаны есіме түсті

ҚАРАМАСАҢ, ҚАТЫН КЕТЕДІ...
(әзіл-шыны аралас)


«Бұл қатын деген халықта ми болмайды...» &mdash деді әкем. Өзін қалай жөнелту керек екендігін тәптіштеп отырған. &mdash Ертең мен оң жақта жатамын, ана жақта шешең мен апаң бір ұсақ-түйек мәселені сөз ғып қырылып қалуы мүмкін. Оған өкпелеуге болмайды, араласып та береке таппайсың, ТАБИҒАТЫ солай. Сондықтан ақылдаспа. Міне, мен қалай жазып бердім, солай істе. Қабағыңнан қар жауып тұрсын. Ал енді «Мынаны былай істесек қалай болар екен...» дедің бар ғой, бітті дей бер, ары қарай тізгінге ие бола алмай қаласың. Олар бұндай кезде тым белсенді боп кетеді...
...Қағазға қайта-қайта қарап жүріп, жөнелттік қой, әйтеуір. Әсіресе, бәрімізді билеп-төстейтін «айқай апам» жақындап келе бергенде «қабағымнан қар жауғызуды» әбден меңгеріп алдым. Соны сезді ме, ол да бұрылып кетіп жүрді.
...Әрине, гендерлік теңдік дегеннен хабары бар адам ретінде мен әкемнің айтуымен іштей толық келіспеп едім. Әсіресе анау «...ми болмайды» деуі тым артық қой. Лексиконында «әйел» деген сөз жоқ, таңертең үйден шығып бара жатып, «пәленшенің қатыны алдымды кесіп өтті, жолым болмайтынын біліп, қайтып келдім» деп отыратын феодал шалдың айтқанымен жүру мына заманда жүдә қауіпті. Айналамдағы жігіттердің де хотундарына деген шексіз құрметі де менің ойымды бекіте түсіп еді. Оның үстіне қазір қай салада да алғы шепте қыз-келіншектердің жүретіні, анау-мынау еркектің дәті бармайтын шаруаны дөңгелентіп әкететіні рас қой. Көп отбасыны әйелдің шексіз төзімі ғана ұстап тұрғанын тағы жоққа шығара алмайсың. Бұған қоса небір данышпан жігіттердің «жан-жарымның арқасында осындай дәрежеге жеттім» деп әлеуметтік желіге жарыса салып жатқанын көріп: «Ең ақылды әйелде екі тауықтың миындай ғана ми болады» деген Асқар көкемнен де «іргемді» алыс сала бастап ем...
...Өткенде әйелі әлеуметтік желіде "айтып қойып", қызметінен айрылған жігітті аяп едім. Кеше де бергені. Ауық-ауық бәйбішеме ұрланып қарап қоямын. Шынымен де «түк миы жоқ» секілді. Осындайда артық-ауыс дүниеңнің болмағанына шүкір дейсің. Әйтпесе, кім біледі, ә?)))
Сендер де қарап қойыңдар-ей, жігіттер. "Қарамасаң ( қай мағынасында да) қатын кететінін" көрдіңдер ғой...

Бауыржан Бабажанулы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста