Бір айдың қадірін мерзімінен бұрын босанған әйелден сұраңыз. Бір күннің қадірін емтиханға уақыт жетпей қалған студенттен сұраңыз. Бір сағаттың қадірін кездесуге асыққан ғашықтардан сұраңыз. Бір минуттың қадірін пойызға кешіккен жолаушыдан сұраңыз. Бір секундтың қадірін авариядан аман қалған жүргізушіден сұраңыз. Секундтың мыңнан бірінің қадірін күміс медаль алған спортшыдан сұраңыз! Уақыт - Алланың адамға берген нығметі! Жетістікке жұмсайсыз ба, кетістікке жұмсайсыз ба - таңдау тек қана Сізде!..
Нұртөре Жүсіп
Facebook-тегі парақшасынан