Бір емес, 10 ассамблея жасасаң да, ТІЛ саясатында жігерлі шешімдер жасамай, ештеңе өзгермейді
АҚШтың әртүрлі ұлттар мен ұлыстарды диірмендей айналдырып, 2-3 буында "Таза Американдық" жасап шығаруы - АҚШ мемлекет идеологиясының алпауыт күшін аңғартады. Сен сары бол, қара бол, ақ бол - бәрібір немерең "Вашингтонға қарап ұлиды". Сенің атаң Мао болсын, Кенесары болсын, Мандела болсын, Николай ІІ болсын - бәрібір ұрпағыңның жүрегі "Америка" деп соғады.
Менің ойымша Қазақстан да осындай тәсілмен бүгінгі 130 ұлтты 30 жылда мипалау жасай алар еді. Тек басты кедергі, ол ТІЛ.
Тізесі шыққан, айта-айта жауыр болған тақырып. Десе де, Қазақстан халқын қосатын тек ТІЛ екеніне жылдан жылға көзім жетіп келеді.
Бір емес, 10 ассамблея жасасаң да, ТІЛ саясатында жігерлі шешімдер жасамай, ештеңе өзгермейді.
30 жыл өтсе де, бізде қазақша сөйлемейтін депутат та Мәжілісте отыр, қазақша сөйлемейтін министр да бар, қазақша сөйлемейтін елші де бар, қазақша тігісін жатқызып сөйлемейтін әкім де бар.
Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан