Бір бауырым «Қыз товар» деп еді, енді мен «Ақша товар» деген түсінік жайлы айтайын

Бір бауырым «Қыз товар» деп еді, енді мен «Ақша товар» деген түсінік жайлы айтайын

Инфляция жайлы.

Өткенде бір бауырым «Қыз товар» деп қазаққа бір табыс көзін ашып беріп еді, енді мен сіздерге «Ақша товар» деген түсінік жайлы айтайын деп отырмын.

Инфляция деген сөзден кейінгі 30 жылда кәдімгідей жан алғыштан қорқатындай қорқатын болдық. Инфляция деген не? Ол қымбатшылық екенін түйсігімізбен түсінеміз бәріміз. Дегенмен тереңірек үңіліп көрелік. Онсыз болмайды, қазір қаржылай сауаттылық ашуға уақытымыз бар ғой, біраз бірге бас қатырып көрелік

«Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі» дейді Уикипедия ака))
Ал бұл инфляцияны, яғни қымбатшылықты ауыздықтауға болады ма?

Инфляция неден болады?
1. Ұлттық валютаның курсы төмендегенде сырттан әкелінетін заттардың бағасы автоматты түрде өсе бастайды.

2. Ішкі нарықта ұлттық валюта жеткілікті мөлшерде болуы үшін өкімет нарыққа қосымша өндіріліп жатқан заттардың санынан әлдеқайда артық мөлшерде ақша басып шығара басттайды. Ал бұл заттың құнынын өсуіне алып келеді.

Адамдардың жалақысы, табысы заттың өсуіне сай өсуі мүмкін емес. Адамдардың затты сатып алу мүмкіндігі төмендейді. Бұл күйзеліске апаратыны белгілі.


Ал ұлттық валюта құны неге төмендейді?

Шет елге шикізат қана шығаратын мемлекеттің ұлттық валютасы сол шикізаттың бағасына байланып қалады. Шикізаттың бағасы түскенде елге келетін валютаның да көлемі азаяды. Содан валюта жетіспейтін болғандықтан оның теңгеге қарағанда бағасы өсе бастайды. Не нәрсе жетіспесе соның бағасы өсетіні заңды ғой...

Сондықтан мұнайдың құны түскенде біздің теңгеміз де бірден құлдырай бастайды..
Ал теңгенің долларға қатынасты бағасының қалай белгілетіне жайлы келесі посттарымда қарапайым тілмен түсіндіріп кетуге тырысармын...

 

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста