Үлкен спорт деген – үлкен құрбандық деген сөз. Балаңыздың кәсіби спортшы болғанын қалайсыз ба, онда оның балалығын ұрлайтыныңызды, денінің саулығына да әсер-ықпалы болатынын (салауатты өмір салты мен үлкен спорт деген онша қабыспайтын дүние), балаңызды жаттықтырушы "әкем-көкем" деп отырмайтынын түсінуіңіз керек. Баяғыда молдаға баласын әкелгендер "сүйегі менікі, еті сенікі" дегенді бекер айтпаған. Үлкен спортта ұрсу, айғайлау, тіпті ұрып та жіберу бұрын да болған, қазір де бар, болашақта да бола береді. "Баламды спортшы болсын деп бердім, ұрып-соқсын, боқтасын деп берген жоқпын" дейтіндер алдымен сол баласын өзі дайындап көрсінші. Спортта жетістікке жеткендердің дені жаны да, тәні де травма алып жүріп жетеді. "Тренерім маңдайымнан сипап отырып жаттықтыратын" дейтін кәсіби спортшыны білсеңіздер, айтарсыздар. Мен білмедім)
***
Баланың бойындағы бүкіл жаман әдет, жағымсыз қылық оның сөзін сөйлеуден басталады...
Жұлдыз Әбділда
Фейсбуктегі парақшасынан