Балаларды қинамайық...

Бірінші сынып оқушыларын бұрын аптасына бес күн оқытушы еді, алты күн деген қашаннан пайда болған???
Жалпы, мектеп бағдарламасына керекті-керексіз пәндерді, керекті-керексіз оқу бағдарламаларын тықпалап, балалардың миын қатыра бергенді қою керек.
Жалпы пәндерден оқушыға негізгі 6-7 жылдық білім де жетеді.
Болашақта өзіне түкке керегі жоқ пәндерді бала неге 11-12 жыл бойы оқуы керек.?
Мысалы, менің қызым А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде оқиды. Олар таңнан кешке дейін тек музыканың соңында жүреді - теориясы бар, дайындығы бар, ансамблі бар, оркестрі бар, концерттері бар, конкурстары бар т.б. Өздері 12 жыл оқиды.
Ал енді осы балаларға алгебра, геометрия, химия, физиканың түкке керегі жоқ. Жарайды, 6-7 сыныпқа дейін негізгі фундаментальді бағдарламаны, қарапайым арифметиканы, қарапайым геометрияны оысын, білсін. Ал ары қарай түкке керегі жоқ формулаларды жаттап, 12 жыл бойы артық кітапты құры арқалап жүргеннен не пайда? Ол кітаптардың беті ашылмайтын кездер болады. Бұл пәндерді музыка мектептерінде пән мұғалімдері де қарық қып өтпейді. Тек "сабағым бар, сағатым бар" деген аты.
Сол секілді, ұлым физика-математика мектебінде оқыды. Оларға да гуманитарлы пәндерден әрбір бала, әрбір қазақ білуге міндетті дүниелерді ғана оқытуға болады, бүгін оқып, ертең ұмытып қалатын ұсақ-түйек даталар мен шығармаларды бағдарламаға құр енгізгеннен кім не ұтады?
Өзімізді алайық... Мысалы, кезінде алгебра, геометрия, химия-физика менің уақытымды текке жеді, қанша нервымды құртты...))
Бала әр пәннен ең негізгі, білуге тиісті, өмірге керекті тақырыптарды білсе болды емес пе? Осы пәндерді аптасына немесе айына бір рет баға алу үшін оқығанымыз өтірік пе? Менің болашағымның қалыптасуына, мамандығыма бүгін оқып, ертең ұмытып қалған "параграфтар, теоремалар, формулалардың" пайдасы тиді ме?
Жоқ, мүлде керегі болған жоқ...
Ұзын сөздің қысқасы, мектептердегі түкке керегі жоқ пәндердің санын қысқарту керек, 7-8 сыныптан кейін балаларды өз таңдауына қарай, тек белгілі бір бағытқа, салаға бейімдеп оқыту керек, артық пәннің бәрін алып тастау керек. Сонда оқу жоспарын қуып, баламыздың миын 12 жыл қатырмай, кеңестік дәуірдегі 10 жылдық білім жүйесімен-ақ талай дүниені оқытып, меңгертіп шығаруға болады. (Сол 10 жылдың өзіне қалай шаршап қалатынымыз естеріңізде ме?.. Тезірек мектеп бітіргенше асығатын едік қой...)
Менің қызым 20 жасында мектеп бітіреді екен...
Ал кеңестік кезеңде 20 жасында адам нақты бір мамандыққа машықтанып, дипломын алып, жұмыс істеуге шығатын...
Қазіргідей уақыт жылдам айналып жатқан заманда баланы 12 жыл мектеп қабырғасына "байлап ұстау" - оларға жасалған қиянат. Сонда олар қашан мамандық алады, қашан үйленіп, тұрмыс құрады?......
Бар "олжамыз" - кәрі қыздар мен сүр бойдақтардың санын еселейміз...
Сәуле Әбілдаханқызы
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста