Ат мінгізіп, шапан жабу- қазақтың ізгі дәстүрі. Дегенмен қазір заман да, заң да басқа

 Ат мінгізіп, шапан жабу- қазақтың ізгі дәстүрі. Дегенмен қазір заман да, заң да басқа.
Мәселен, мемлекеттік қызметкерге қанша жерден дәстүрге сай болса да еш кәде сый алуға болмайды.
Олардың алған сыйлығы үшін де, ол кәдені берген адамға да жауапкершілік көзделген.
Сыйлықты алу себеп-салдары мен мөлшеріне байланысты тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік бар.

Мысалы: сыйлық алу бірінші рет болған жағдайда алдын ала келісім болмаса және берілген сыйлықтың құны 2 АЕК-тен АСПАСА әкімшілік немесе тәртіптік құқық бұзушылық болады.
Ал, одан жоғары сома болып, 2 АЕК-тен АСЫП кеткен сыйлық "ПАРА" ретінде көзделіп, қылмысқа саналады.
(2019 жылы 1 АЕК– 2525 теңге)

Егер мемлекеттік қызметкер сыйлық берілетінен хабарсыз болып, одан бас тарта алмаса, бұл сыйды мемлекеттік қорға өз еркімен 7 тәулік ішінде тапсыра алады. Бұл әрекет оны (тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық) жауапкершіліктен босатады.
Тіпті, үй тазалап беру, машина жасап беру, тойыңызда әнші ән айтып, би билеп беру сияқты қызмет көрсетілген болса ақысын мемлекетке құю міндеттеледі.

Сондықтан, той жасау кезінде құда-жекжатқа киіт кигізіп, құдалық жөн-жоралғысын жасау үшін сый иесінің қайда жұмыс істейтінін біліп алғаныңыз дұрыс)).

Әйтпесе даудың басы Дайрабай (генерал) мінген көк ат боп кетер...)

Ерлан Жұрынбаев

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста