Әсіреұлтшылдық – желшешек секілді әр адамда кездесетін ауру...

Әсіреұлтшылдық – желшешек секілді әр адамда кездесетін ауру...

Ойыны қанбаған балаға ақылы қырыққа таман кіретіні бар. Жетім өскен бала да сондай. Мейірім көрмегендіктен елден жылылық, ықылас күтіп тұрады. Өзін көрсеткісі, танытқысы, еленгісі, мақтанғысы келеді. «Ай, жарайсың!» десе, мәз болады.
Бүкіл ұлт та сондай. Әсіресе бұрын бодан, кіріптар болған елдерде қызық қылық бар, «Маған қарасаңдаршы!» деген. СССР елдерінің бәрі сол. Мен қазақпын! Мен қырғызбын! Ғұн дегеніміз қазақ емес, қырғыз! Жоқ, қырғызы несі, қазақ! Ата-бабам сөйткен, бүйткен!
Ильинмен мақтандық, Головкинмен мақтандық. Соны білген корей жаттықтырушы Манезаны да, Подобедованы да алып келді. Уколын салып жіберді. Кеудемізді ұрдық, орангутанг сияқты.
Бұрын империя болып, кейін нашарлап қалған жұрттың да мақтанатыны бар. Алқаш немесе наркоман болып кеткенде, қатыны тастап кетеді. Ол әйелді бағалаған басқа еркектен қызғанған сияқты қылық. Әйел бұрынғыдан құлпырып кетсе, оларды құртуға дайын тұрады.
Моңғолдар Шыңғыс ханға алып ескерткіш қойды. Тіпті африкалық қара нәсілділер де моңғолдан тараған деген сыңайдағы мақаланы көрдім.
Орыстардың ол тоқтайтын түрі жоқ. «Великий и могущий язык!» деп тілін басқа елдің тілінен жоғары қойып әлек. «Русский мир, русский марш, русская планета, русская душа!» деп, түкіріктеріне шашала айғайлағанынан құлақ сарсыды. Олар да Америкадан, Еуропадан артық боламыз деп допингке ұрынды. WADA санкциясына ұшырады да қалды. Аттыға ерем деп, жаяудың таңы айырылыпты деген осы.
Мұның бәрі әсіреұлтшылдық. Ұлтшылдық керек, бірақ ол әсіреленбеуі тиіс. Германияның фашизмі, Руссияның шовинизмінен сақтасын. Өзін өзгеден жоғары қойып, өзгені қор санаудың түбі жақсылыққа апармайды.
Кешелі бері әл. желі мен эфирден түспей тұрған «Мен қазақпын!» әнін мысқылдап, я болмаса, күле қарап, пікір айтқандарды түсінемін. Олар ұлтшылдық, әсіреұлтшылдық кезеңінен жекелей өтіп кеткен азаматтар. Әсіреұлтшылдық – желшешек (ветрянка) секілді әр адамда кездесетін ауру. Жас кезде өтіп алмаса, есейгенде ауырсаң, қиынға соғады. Ал біздің ел жаппай ауыра алмай, қор болып жүр. ХХ ғасыр басында жаппай ауырғымыз келген. Бәрін атып тастады. Неге? Жаппай ауырған ел бірігеді. Ауыру кезеңінен өткен соң мемлекеттік деңгейге өтеді. Экономикаға, ғылымға бет бұрады. Түрік елі – жарқын мысал. Тіл мәселесі шешіледі. Бізде латиницамен шешуге болады. Ол үшін бізге жеті-сегіз жылға ұлтшыл диктатор керек. Тілді реттеп, біріктіру миссиясы орындалмай жатыр. Әлбетте, жеті-сегіз жылдан асса, әсіреұлтшылдыққа ұласу қаупі бар.
Елді біріктіру үшін жасалып жатқан ұрандар ұзаққа бармай жатыр. Науқаншылдықтан аспайды. Ұзақ мерзімдік жоспар, идеология түзуге болады.
Барлық дамыған ел ұлтшылдық кезеңінен өткен. Еуропа елдері сол кезеңнен кейін ғана даму жолына түскен.
Осы жерден тоқтайын. Идеяма ақша төлейтіндей жаза бастаппын ғой.

Айдос Жұқанұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста