Апатты жағдайдағы көлікке мінген халық, қырылып жатыр...

Утильсбор.

Бұл менің кәсібіме тікелей қатысты. Көлік жөндейтін болған соң, маған неше түрлі моторы бұзылған машиналар келеді.
Шыны керек Қазақстандағы машиналар тозып бітті. Кемі 50-60% ы сын көтермейтін шығар.
Тіпті 2015-16 жылғы Киа, Хундайлардың, 2013-14 жылғы Камрилардың моторына толық жөндеу жүргізіп жүрмін.
Екі күн бұрын 95-жылғы Ниссанның моторын жөндеп шығарсам, бүгін 90-жылғы Опель-Омега келді. Бұл көлікті жөндеуге әкелем дегеніне, жиырма шақты күн болды. Сол келгенде, үшінші цилиндрдің клапаны жанып кеткен еді. "Бір семьяны асырап отыр,аға. Екі күнде шығарып берші"деп өтініш айтқан. Хабарсыз кеткеніне қарап, басқа жерге жөндеткен шығар десем...ремонтқа ақша жинапты. Сонда үш цилиндрмен бір ай жүргенде, бензинді екі есе жақты ғой...
Мың рет ашып-жапқаннан резбасы кеткен болт-гайка. Үзілейін деп тұрған, жартылай жалаңаш проводтар. Әбден қызып, қатып қалған потрубка...
Капотын ашқаннан сыбасқан майды көріп, қаралай жиіркенесің ғой...
Осындай көліктер өте көп. Бәрі де авариялық жағдайда тұр. Кез-келгенін тексерсе артқы екі дөңгелегінің тежегіші істемейтіні анық. "Ручной тормозды" айтпаса да болады.
Ал, билік утильалым мен алғашқы төлемді алып тастайтын түрлері жоқ.
Жарақты машинаға қолы жетпей, апатты жағдайдағы көлікке мінген халық, қырылып жатыр.

Малик Ораков

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста