Алла бізге де талай мүмкіндік береді. Сондайда қырық сылтау айтпай, "Алға" ұмтыла беру керек!

Бір тауық тауық қораның қасында мұңайып отырады:
- Мен ең бейшара, ең бақытсыз тауықпын! Әтештер мені түсінбейді, жақсы көрмейді, басқа тауықтар мені ренжіте береді. Қорамыздың іші болса қап-қараңғы, тіпті ішің пысады, ойбай-ай, қандай бақытсыз тауық ем мен!

Тауықтың зарын аспанда қалықтап ұшып жүрген қыран естіп қойып, қасына қонады.
- Мұңайма, тауықжан. Жүр, сені бақытты ететін жерді көрсетемін.
-Жоқ! Бұл мүмкін емес! Тауықтың ұша алмайтынын біліп тұрып әдейі айтып тұрсың ба?
Тауық одан әрі көз жасын көл қылады.
- Онда тұрған не бар? Ұшуды үйретейін!
-Жоқ! Менің қанатым қып-қысқа, ұша алмаймын!
- Болды, жылама, - деді қыран ойланып тұрып,
- Онда арқама отыр, мен саған ел көрсетем, жер көрсетем!
-Жоқ! Білмейтін жерге барсам, қай жерде тұрамын?
- Уайымдама! Саған қора салуға көмектесемін!
- Жоқ! Ешкімді танымайтын жерде жалғыз өзім не істеймін?! Жалғыз тауық бақытты болады дейсің бе?
- Ал мен саған әтеш тауып берем! - деп күлді Қыран.
- Жоқ, жоқ! Қандай әтеш кездесетінін бір Құдай білсін! Мүмкін қатігез, нағыз қаныпезер әтеш кездесер?
- Мен саған қалай өмір сүру керегін үйретем, сонда саған тек тамаша, ақылды, сені сыйлайтын әтештер жолығатын болады.
-Жоқ! Ондай әтеш болмайды мына әлемде!
Ашуланған қыран "Өзің білші!" деп ұшып кетеді.

***

...Алла Тағала бұл өмірде бізге де талай мүмкіндік береді. Сондайда қырық сылтау айтпай, "Алға" ұмтыла беру керек!

Камшат Албан
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста