Африкада жираф атқан аңшымызды жазалағанымызды естіп, америкалықтар аузы қисайып "Бұл не деген гуманизм?!" деп талып қап жатыр дит...
Партия белгісін тақпағаны үшін шара қолданғанымызды естіп, жапондар "Бұдан асқан патриотизм көрсек, көзіміз ағып өлсін!" деп, жаппай қирап, ес-түссіз құлап жатыр дит...
Гүл жұлғаны үшін штраф салғанымызды естіп, еуропалықтар есінен танып, он шақты ғалымы мен философы реанимацияға түсіп, жалпы халқы шәшін жұлып "Мынау неткен дамыған ел?!" деп, тілге келмей тырайып жатқан көрінеді...
...
Әй, жер-жаһанда жалғыз өздерің қалғыларың келмесе, қойыңдар енді!
30 жылда жеткен жетістігімізді сырт елге білдірмей, өзіміз тамашалайық та!..
Қанат Ескендір
Фейсбуктегі парақшасынан