Адамдар сол үшін арын сататын жағдайға жетті

Атақ. Сыйлық. Орысқа бодан болғалы осы нәрсе халқымызға арылмас дерт болып жабысты. Кейінгі отыз жылда тіпті асқынып кеткен тәрізді. Адамдар сол үшін арын сататын жағдайға жетті. Атақ, сыйлық алу үшін беттің арын белге түйіп, араға адам салып жоғарыға шапқылайтын болды. Тіпті бұл үкіметтің ішкі саясатының бір бөлшегіне айналғандай. Өткен жылы бір ғана тәуелсіздік күні қарсаңында жиырма бес мың адамға марапат үлестіріліпті, ал жыл бойы қанша адамға берілгенін бір құдай білсін. Атақ, сыйлық алу өмірдің мәніне айналғаны соншалық, діттеген марапатын ала алмаған кейбір ағаларымыз зарын жұртқа ашық жариялаудан да ұялмайтын жағдайға жетті. Еңбегің, өнерің, талантың жарып тұрса, атың атаққа айналады ғой, тілеп, сұрап алған атақ қандай абырой әкелмек. Өткен жылы осы желіден бір өлең оқыдым. Ақын бауырымыз астына аты-жөнімен қоса алған атақтарын қоса жазыпты. Әлгінің атақтары өлеңінен де ұзақ екен. Апырай, неге осыншама атаққұмармыз деймін. Әлде бұл жас ұрпақты тәрбиелеудің, ұлттық идеологияны қалыптастырудың бір тәсілі ме екен?!

Нұртай Ерназар

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста